Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Еуропалық Ресей — Ресей Федерациясының ең батыста орналасқан және халқы ең көп бөлігі. Географиялық тұрғыдан Еуропада орналасқан ол азиялық халқы аз Сібір делін

Еуропалық Ресей

  • Басты бет
  • Еуропалық Ресей

Еуропалық Ресей — Ресей Федерациясының ең батыста орналасқан және халқы ең көп бөлігі. Географиялық тұрғыдан Еуропада орналасқан ол азиялық халқы аз Сібір делінетін екінші бөлігінен аса ерекшеленеді. Ресейдің екі бөлігін Орал таулары мен Жайық өзені бөледі. Еуропалық Ресей Шығыс Еуропаның көпшілігін алады, Еуропа территориясының шамамен 40% және халқының 15% алып тұрады және Ресей, осылайша, — Еуропадағы халқы да, жері де ең көп мемлекет. Аймақ бес федералды округқа бөлінген.

Еуропалық Ресей
орыс. Европейская Россия
Ірі қалалары Мәскеу
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 7-орын
3969100 км²
Жұрты
• Сарап (2023)
• Тығыздығы

109,455,000 адам (13-орын)
27.5 адам/км² (160-орын)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2022)
 • Жан басына шаққанда

▲3.275 триллион $
▲29,923 $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2022)
 • Жан басына шаққанда

▲1.410 триллион $
▲12,926 $
Этнохороним ресейліктер
Қосымша мәліметтер

Мазмұны

Аумағы және халқы

Ресей жалпы халқының 80% оның Еуропалық бөлігі алады. Ол 3,969,100 шаршы километр жер алып тұр және 110 миллион халқы бар ол осылайша Ресейді Еуропадағы халқы да, жері де ең көп мемлекет қылады (бұл жерде екінші орынға Германия ие). Бір шаршы километрінде 27.5 адам тұратын Еуропалық Ресей — Ресейдің халық тығыздығы ең үлкен бөлігі. Еуропалық Ресей халқы Еуропа жалпы халқының 15% құрайды.

Ресейдің 3 федералды қаласының барлығы да Еуропалық Ресейде орналасқан. Бұл қалалар қатарына елдің астанасы мен халқы ең көп қаласы Мәскеу, халық саны бойынша екінші орындағы елдің мәдени орталығы Санкт-Петербург пен халықаралық заң бойынша Украина жері деп танылатын Қырым түбегінің орталығы Севастополь жатады.

Халқы 1 миллион адамнан асатын Ресейдің 16 қаласының он бірі Еуропалық Ресейде, олар: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Төменгі Новгород, Үфі, Краснодар, Самара, Дондағы Ростов, Воронеж, Пермь мен Волгоград (қалғандары — Жаңасібір, Екатеринбург, Красноярск, Челябі мен Омбы).

Тарихы

Еуропалық Ресейдің тарихи халықтары қатарына славяндар, фин-угорлар, германдықтар, түркілер, еврейлер, скифтер, солтүстік кавказдықтар, ғұндар мен балттар жатады.

Кейбір теориялар кейбір ерте шығыс славяндарының қазіргі Батыс Ресейге (сондай-ақ Украина мен Беларуське де) біздің заманымыздың бірінші мыңжылдықтарының ортасында келгенін айтады. Вятичтер дейтін шығыс славян тайпасы Ока өзенінің төңірегінен келген. Бұл аймақта фин-угор, балт пен түркі тайпалары да тұрған еді (түркі және фин-угор халқының көп бөлігі славяндарға сіңгенімен, Еуропалық Ресейде бүгінде де ірі азшылықтар бар). Орталық Ресейдің батыс аймақтарында северяндар дейтін тағы бір шығыс славян тайпасы да тұратын.

София бірінші жылнамасы бойынша Ресейдің алғашқы аймақтарының бірі 859 жылы Ұлы Новгород болды. Біздің заманымыздың VIII ғасырдың аяғы мен IX ғасырдың басы мен ортасында Ресейдің қазіргі батысында Орыс қағанаты құрылды. Бұл аймақ варягтардың, шығыс скандинавиялық авантюристтердің, көпестер мен қарақшылардың операцияларының орны болды. IX ғасырдың аяғынан XIII ғасырдың ортасына дейін қазіргі Еуропалық Ресейдің үлкен бөлігі Киев Русінің құрамында еді. Орыс қағанаты мен Киев Русінің жерлері маңызды сауда жолдары болды және Скандинавияны, Византия империясын, Русь халқын және Еділ Бұлғариясын Хазар және Парсы елдерімен байланыстырды. Ескі скандинавиялық деректерге сәйкес Киев Русі немесе Ежелгі Русьтің 12 ірі қалаларының ішінде Новгород, Киев, Полоцк, Смоленск, Муром және Ростов болды.

 
Көпшіліктің діні бойынша Еуропалық Ресей аймақтарының картасы

Византия империясымен сауда және мәдени байланыс арқылы Русьтің славян мәдениеті бірте-бірте шығыс православие дінін қабылдады. Көптеген деректерде Рязань, Коломна, Мәскеу, Владимир және Киевті Моңғол империясы қиратқаны делінеді. Моңғол шапқыншылығынан кейін Мәскеулік Русь пайда болды, осы уақыт ішінде Ресейдің батысы және Русьтің түрлі аймақтары Византия империясымен күшті мәдени байланыста қала берді де, славян мәдениеті өмірін жалғастыра да берді. Шығыс славяндық паганизм мен христиандықтың элементтері бір-бірімен қабаттасып, кейде Мәскеулік Русьтегі халық арасында қос сенім (қосдіншілік, бірден бірнеше дінге сенім) пайда болатын.

Экономикасы

2022 жылы Еуропалық Ресейдің аймақтық ЖІӨ шамамен ₽100 триллион (1,4 триллион АҚШ доллары) болды.

Әкімшілік бірліктермен сәйкестігі

 
Ресейдің федералды округтері

Төмендегі Ресейдің федералды округтері жартылай, не толығымен еуропалық:

Округ атауы Аумағы
(км²)
Халқы (2023)
Халық тығыздығы ЖІӨ (2022) Құрлығы
Орталық федералды округі 650,200 40,198,659 59.658 ₽47.368 триллион
Еуропа
Солтүстік Кавказ федералды округі 170,400 10,251,083 56.58 ₽3.111 триллион
Еуропа
Солтүстік Батыс федералды округі 1,687,000 13,840,352 8.25 ₽18.929 триллион
Еуропа
Оңтүстік федералды округі 447,900 16,624,081 33.46 ₽9.816 триллион
Еуропа
Еділ федералды округі 1,037,000 28,540,832 28.63 ₽19.664 триллион
көбіне Еуропа
Орал федералды округі 1,818,500 12,262,205 6.86 ₽20.073 триллион
көбіне Азия–Еуропа
6 федералды округтің жалпысы 3,995,200 109,455,000 27.22 ₽98.890 триллион
көбіне Еуропа

Ескертпелер

  1. орыс. Европейская Россия, көбіне Ресейдің Еуропалық бөлігі, орыс. Европейская часть России, Ресейдің Еуропадағы территориясы, орыс. Европейская территория России
  2. Түркия Еуропаға толығымен кірмейді, оның Шығыс Фракия делінетін жалғыз еуропалық бөлігінде 12 миллион адам тұрады.
  3. Қырым Республикасы мен Севастополь қаласын санап алғанда. Екеуі де де-факто Ресей жері болса да, халықаралық заң бойынша Украина жері деп танылған.
  4. Келесілерді санамағанда:
    Еділ федералды округінің толықтай Азияда орналасқан 4 ауданы бар, біреуі көбіне Азияда, біреуін мен екі қаланы Еуропа мен Азия тең бөледі, бір елді-мекен толықтай Азияда. Осыны қосып алсақ, Азияда бұл округтің 280,000 адамы мен 30,000 км² орналасқан (Азия–Еуропа шекарасы Орал тауларында орналасқан деп санасақ).
    Орал федералды округінің Еуропада тұратын шамамен 200,000 адамы және 1,700 км² жері бар (Жайықтан батыс жерлер).
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Жаңақала ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Әлеуметтік ғылымдар

  • Сәуір 05, 2026

    Карл Линней

  • Сәуір 04, 2026

    Футбол добы

  • Сәуір 06, 2026

    Ойыл (өзен)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары