Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

1926 ж. Мәскеудегі А. Роомның киношеберханасын бітірген соң, қызметін сол жылы режиссердің көмекшісі ретінде бастады.

Ефим Арон

  • Басты бет
  • Ефим Арон

Ефим Ефимович Арон (1906-1970), кинорежиссер.

Ефим Ефимович Арон
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

30 желтоқсан 1906 (1906-12-30)

Туған жері

Лудза, Витебск губерниясы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

8 қазан 1970 (1970-10-08)(63 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Азаматтығы

 КСРО
РКФСР (1917-1922)
Ресей империясы (1906-1917)

Мамандығы

режиссёр
сценарийші

Белсенді жылдары

1937-1966

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944).

Мазмұны

Өмірбаяны

1926 ж. Мәскеудегі А. Роомның киношеберханасын бітірген соң, қызметін сол жылы режиссердің көмекшісі ретінде бастады.

Қазақстандағы темір жол құрылысына арналған «Түрксіб» фильмін қойды (1929), сцеранийін А. Мачерет, В. Шкловский, В. Туриндермен бірге жазды. Осыдан бастап оның шығармашылық жолы қазақ киноөнерімен байланысты болды. Арон режиссурамен көркем фильмдер мен деректі киноочерктер түсірді.

1945 ж. Әуезовтің қазақ халқының ұлы ақыны туралы романы негізінде «Абай әні» көркем фильмін қойды (Г. Рошальмен бірге). 1967 ж. осы фильмнің жаңа нұсқасын жасауға қатысты. Бұл туралы, сондай-ақ фильмді алғаш түсірген кезде ұлы жазушының ақыл-кеңесі, көмегі жөнінде «Абай әнінің» жаңа редакциясы» деген мақаласында жан-жақты баяндады («Алма-Атинская кинонеделя», 1967, 11-17 желтоқсан).

Түсірген фильмдері

Ұлы Отан соғысы жылдары Әскери киножинақтар (1941-42) шығару жұмысына атсалысты. Бұдан басқа қойған Көркем фильмдері "Абай әні" (1945. Г.Рошальмен бірге), "Алтын мүйіз" (1948), "Ботагөз" (1958), "Асау Ертіс жағасында" (1959), "Еңлікгүл шешек атқан жерде" (1965, Ш.Бейсембаевпен бірге) және документті киноочерктері "Біз металлургтерміз" (1962), "Бәріміз де шекарада сақшымыз" (1962). Арон қойған фильмдер Қазақ халқына тән ұлттық бояу мен тұрмыс көріністері шынайы бейнеленуімен ерекшеленеді.

Марапаттары

Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталтан.

Фильмографиясы

Режиссер ретінде

  • 1934 - Туннель
  • 1937 - Қиыр Шығыста
  • 1941 - №4 әскери киножинақ
  • 1942 - №10 әскери киножинақ
  • 1943 - Ақ раушан
  • 1945 - Абай әндері
  • 1948 - Алтын керней
  • 1957 - Ботакөз
  • 1959 - Ертістің жабайы жағасында
  • 1965 - Еңлікгүл шешек атқанда

Сценарист ретінде

  • 1929 - Түрксіб
  • 1930 - Дала әндері
  • 1934 - Туннель
  • 1965 - Еңлікгүл шешек атқанда
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Мамыр 02, 2026

    Жылжымайтын мүлік

  • Мамыр 02, 2026

    Шокальский мұздығы

  • Сәуір 03, 2026

    Сүр ет

  • Сәуір 12, 2026

    Шөл белдемі

  • Наурыз 11, 2026

    Сырдария

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары