Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жасанды тері - кәдімгі тері орнына қолданылатын полимер материалдар. Олар құрамына қарай резиналы, талшықты, жұқа қабатты және беті қапталған мата т.б. жұқа қаб

Жасанды тері

  • Басты бет
  • Жасанды тері

Жасанды тері - кәдімгі тері орнына қолданылатын полимер материалдар. Олар құрамына қарай резиналы, талшықты, жұқа қабатты және беті қапталған мата т.б. жұқа қабат түзгіш заттар.

  • Резиналы Жасанды терінің екі түрі (тығыз және кәуекті) өндіріледі, бұлар көбіне ұлтан үшін қолданылады. Кәуекті Жасанды тері табиғи терілерге қарағанда жеңіл, төзімді, оның жылу өткізбейтін, қажалмайтын қасиеттері жоғары.
  • Талшықты Жасанды тері мақтаны тарап тазартқаннан кейінгі қалдыққа поливинилхлорид ерітіндісін сіңіру арқылы жасалады.
  • Беті қапталған Жасанды тері матаға каучук, полихлорвинил, нитроцеллюлоза секілді жұқа қабат түзгіш материалдардың қабатын түсіру арқылы дайындалады. Галантереялық заттар жасау үшін павинол, гралекс пайдаланылады. Зат орайтын және қаптайтын Жасанды теріге автобим, текстовинит, дерматин жатады.
  • Жұқа қабатты Жасанды тері құрамында стабилизатор, пластификатор пигменттері бар поливинилхлорид шайыры болады.
Жасанды теріден аяқ киім

Жасанды тері қасиеттері жағынан табиғи теріден кем болғанымен, одан арзан және қасиеттері бір тектес болады. Жасанды терінің жаңа түрлерін жасау негізінен аяқ киімнің бас-қонышына жарамды берік материалдар дайындауға бағытталған.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Еділ-Дон каналы

  • Сәуір 21, 2026

    Обь өзені

  • Сәуір 03, 2026

    Ван Гог

  • Сәуір 21, 2026

    Әмірхан Меңдеке

  • Сәуір 10, 2026

    Бөген бөгені

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары