| Жасыл құрбақа | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Амандық күйі | ||||||||||||||
| Least Concern (IUCN3.1) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Bufo viridis (Laurenti, 1768) |
Жасыл құрбақа (лат. Bufo viridis) – құрбақа тұқымдасына жататын құйрықсыз қосмекенді.
Далалық аймақтарда, шөл, шөлейт жерлерде тіршілік етеді. Қазақстанда тіршілік ететін 3 түрінің ең көп тарағаны. Тұрқы 70 – 90, кейде 140 мм. Терісі бұдырлы, арқасы сарғыш сұр немесе жасыл сұр. Шықшыт бездері үлкен. Мамыр – маусымда суға уылдырық шашады. Онда 12 мыңға жуық ұрық бар. Кеміргіштер інінде, тас астында, шұңқырда қыстайды. Зиянкес жәндіктерді жеп пайда келтіреді.
Санаттар:
- Қауіптен тыс түрлер
- Құрбақалар