Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жас Азамат — 1918 жылы 5–13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезінде құрылған ұйым. “Жас азамат” ұйымы барлық қазақ жастарын бірікті

Жас Азамат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жас Азамат — 1918 жылы 5–13 мамыр аралығында Омбы қаласында өткен жалпықазақ жастарының съезінде құрылған ұйым. “Жас азамат” ұйымы барлық қазақ жастарын біріктіріп, ұлт мүддесін қорғауды мақсат етіп қойды. Ұйымның басқармасы осы съезде сайланды. Төрағалыққа – М.Мырзаұлы, басқарма мүшелігіне – С.Садуақасов, М.Сейітов, Г.Досымбекова, Ә.Байділдин бекітілді. Ұйымның органы – “Жас азамат” газетінің жауапты шығарушысы болып Қ.Кемеңгеров тағайындалды. “Жас азамат” ұйымы қазақ жастарын Алаш автономиясын қолдауға, кеңестік биліктің орнауына қарсылық танытуға шақырды.

Жоғары