Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жер қыртысы — литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына,

Жер қыртысы

  • Басты бет
  • Жер қыртысы

Жер қыртысы — литосфераның беткі бөлігін құрайтын, төменгі жапсары Мохоровичич деңгейімен шектелген Жердің ең үстіңгі қабығы. Жер қыртысы қалыңдығына, құрамына, құрылысына қарай құрлықтық және мұхиттық болып негізгі 2 типке бөлінеді.
Құрлықтық жер қыртысының қалыңдығы тектоникалық жағдайына байланысты 25 — 45 км-ден (платформаларда) 45 — 75 км-ге дейін (тау түзілу аймақтарында), ал мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы 5 км-ден (Солтүстік Мұзды мұхит) 10 — 12 км-ге дейін өзгереді.

Жер планетасының құрылысы. Земная кора - Жер қыртысы

Жер қыртысы төмен қарай тығыздығы арта беретін жанартаутекті-шөгінді (тығызд. 1,8 — 2,5 г/см3), гранит — метаморфты (2,5 — 2,7 г/см3) және базальтты (2,7 — 3,0 г/см3) қабаттарға бөлінеді. Жер қыртысының жоғарғы бөлігі қатпарларға жиырылып, жарылымдармен қиылған және төменгі сатыда метаморфталған шөгінді, терригенді және магмалық тау жыныстарынан құралған. Қалыңдығы платформаларда 1 — 2 км, терең ойыстарда 10 — 20 км жетеді. Шөгінді қабаттың астында салмағы жеңіл, гранит пен гнейстерден түзілген шөгінді қабаттың жыныстарымен алмасып отыратын гранит-метаморфты қабат орналасқан. Гранит қабатының қалыңдығы жазықтар астында 15 — 20 км, тау жүйелері табанында 15 — 50 км-ге дейін. Мұхиттар түбінде граниттік қабат өте жұқа, не мүлде болмайды. Граниттік қабат Конрад бетімен шектеледі. Жер қыртысының ең төменгі бөлігінде базальт, габбро және күшті метаморфтануға (метаморфизмге) ұшыраған шөгінді жыныстардан құралған базальт қабаты орналасқан.

Жер қыртысының аралық типтері: субмұхиттық жер қыртысында шөгінді жыныстар мұхиттық жер қыртысындағыдан қалың болады; субконтиненттік жер қыртысы жұқа болады әрі граниттік қабат анық байқалмайды. Геофизикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жер қыртысының қалыңдығы Тұран тақтасы, Каспий маңы ойысында 35 — 45 км, Тянь-Шань, Таулы Алтайда 45 — 50 км, Орталық Қазақстанда 50 — 55 км. Жер қыртысының үнемі дамып өзгеруі нәтижесінде геосинклинальдар сияқты қозғалмалы аймақтар платформаларға айналады. Жер қыртысының дамуының басты себептері — Жердің аса терең қабаттары мен жоғарғы мантиясы арасында өтетін процестер.

Тағы қараңыз

  • Жер (ғаламшар)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Наурыз көже

  • Сәуір 05, 2026

    Көмекші сөздер

  • Сәуір 03, 2026

    Асыл газдар

  • Наурыз 27, 2026

    Жүрек

  • Сәуір 02, 2026

    Балқан түбегі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары