Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жидебай батыр мазары – Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші, киелі нысан.

Жидебай кесенесі

  • Басты бет
  • Жидебай кесенесі

Жидебай батыр мазары – Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші, киелі нысан.

Жидебай батыр мазары
Жалпы мәлімет
Статусы

Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Түрі

киелі нысан

Сәулет стилі

қала құрылысы және сәулет

Орналасуы

Қарағанды облысы, Шет ауданы

Жөнделген уақыты

1993 жыл

Биіктігі
Төбесі

күмбезді

Картада орналасуы
Жидебай батыр мазары (Қазақстан)Қарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Жидебай батыр мазары (Қазақстан)
Жидебай батыр мазары

Координаттар: 48°54′40″ с. е. 73°32′59″ ш. б. / 48.91111° с. е. 73.54972° ш. б. / 48.91111; 73.54972 (G) (O) (Я)

Мазмұны

Орналасқан жері

Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 км жерде.

Кезеңі

Алғашқы мазар 1813-1814 жылдары, жаңа мазар – 1993 жылы.

Тарихи деректер, аңыздар

Жидебай батырдың алғашқы кесенесі күмбез тәрізді және саз ерітіндісінде балшықтан жасалған. Оңтүстікке бағытталған төмен кіреберістің сексеуіл діңінен жасалған маңдайшасы бар. 1899 жылы С. М. Дудин алғаш зерттеген. Ғалымның фотосурет жинағында «Жидебай Мазары» №230 деп тіркелген. Бұл суретке қарағанда, ескерткіштің сақталуы жақсы, күмбездің жоғарғы жағында шұқыр байқалады. Өкінішке орай, С. М. Дудиннің дала жазбалары әлі табылған жоқ. 1993 жылы Жидебай батырдың ұрпақтары жаңа мазар салып, ескерткішке көпір салды.
Жидебай батыр (1713-1813 жж.) – жауынгер, би, шешен, домбырашы. Оның «Қайран Елім» күйі Абылай ханға арналды. Жидебай батыр атақты Аңырақай шайқасының қатысушысы ретінде танымал. Баянтау, Ертіс, Нұр, Қарқаралы, Ұлытау, Ақмола қалаларындағы шайқастарда мыңдаған жауынгерлерге басшылық етті. Сондай-ақ Тарбағатай, Аягөз, Құлжа, Алатауды босату жөніндегі әскери көшбасшы болды. Жидебай батырдың билігі Қаракесек және Арғын руларының мекендейтін жерлеріне дейін созылды.
Жергілікті аңыздар бойынша Жидебай батырдың алдында әрдайым қызыл түлкі жүрген. Бұл оның әруағы (бабасы). Бірде Абылай оған: «Қане, маған өзіңнің әруағыңды көрсет!» - дейді. Жидебай келісіп, Абылайды таудың басына шақырады. Жидебай Абылайды тау басында қалдырып, өзі таудан төмен түседі. Ол таудың астына түскенде, Абылай далада қызыл түлкі пайда болғанын көреді. Сонымен бірге сары бүркіт пайда болады, ол түлкіге шабуылдап, оны ұстап, жерге соғады. Осыдан кейін Жидебай Абылайға көтеріліп, оның не көргенін сұрайды, Абылай көргенін айтады. Сонда Жидебай: «Қызыл түлкі менің әруағым, сары бүркіт сенікі. Бұл сіздің әруағыңыздың менікінен жоғары екенін көрсетеді» деген екен.

Мазар сипаты

Әуелде көне мазардың басына қойылған көктаста өмір сүрген кезеңі XVIІ ғасыр деп көрсетілен еді. Бірақ шежірешілердің айтуынша, ол Аңырақай шайқасына 1730 жылы қатысқан, сол кезде жасы он жетіде еді. Сонда Жидебай батыр 1712-1713 жылдары туған болып шығады. Ол туралы ел аузында «Сарыарқадай жер қайда, Жидебайдай ер қайда» деген нақыл сөз қалған. Бұл халық сөзі батырдың қабіртасына қашалып жазылған.
Сондай-ақ қабіртаста Қаз дауысты Қазыбек бидің келесі сөзі де келтірілген:

Замана өтпес болсашы-ай,
Жидекем өлмес болсашы-ай

Осы деректер және туған-қайтыс болған жылдары мейлінше дұрыс көрсетілген жаңа қабіртас жаңарту жұмыстары жүргізілгенде (1993 жыл) қойылады.
Әлихан Жәңгірұлы жазуынша, сол жылы Ақтоғай ауданында Жидебай батырға үлкен ас берілді. Батыр бабаның басына жаңа кесене салынды. Осы жұмыстарды өткізуде Сейдіғали Сейілханұлы, Төлеуқадыр Тоқтамысұлы, Хайролла Нұрбекұлы мақтана айтарлықтай еңбек етті. Бұл жаңа кесененің қабырғасы ақ кірпіштен дөңгелене қаланып күмбезге жалғасады. Күмбездің басына темірден жарты ай белгісі орнатылған. Кесененің кіре берісінде екі шағын мұнара және қара тастан жасалған екі тақтатас бар.
Тақтатастың біреуінде: «Жидебай Қожаназарұлы Әлтеке Дос батырдың немересі, әруақты батыр, әрі би, әрі шешен, айсыз қараңғы түнде де барар жерін дәл табатын жершілдік қасиеті болған»; екіншісінде: «Жидебай батыр Елінің тұтастығын ойлаған кемеңгер тарихи тұлға. Қазақтың асқақ тұлғалы ханы Абылай ханның сенімді серігі, пікірлес досы. Беделді де белді батыры болып, арнайы жасағын басқарған» деп жазылған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Қостанай облысы

  • Сәуір 02, 2026

    Ақмола губерниясы

  • Сәуір 09, 2026

    Джоаккино Россини

  • Сәуір 06, 2026

    Каледон қатпарлығы

  • Сәуір 11, 2026

    Нигер-конголез тілдері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары