| Жоан Роулиң | |
| ағылш. Joanne Rowling | |
Роулиң, 2010 жыл | |
| Лақап аты |
|
|---|---|
| Туған күні | 31 шілде 1965 (61 жас) |
| Туған жері | Глостершир, Англия, Ұлыбритания |
| Азаматтығы |
|
| Мансабы | прозаик |
| Шығармашылық жылдары | 1997 жылдан бастап |
| Жанры |
|
| Шығармалардың тілі | |
| Дебюті | Хәрри Поттер мен пәлсапа тас |
| Қолтаңбасы |
|
| jkrowling.com | |
Ортаққордағы санаты: Жоан Роулиң | |
Ж. К. Роулиң (J. K. Rowling) және Роберт Гэлбрейт (Robert Galbraith) аттарымен белгілі Жоан Роулиң (ағылш. Joanne Rowling; 31 шілде 1965, Глостершир, Англия) — британдық жазушы.
Оның сиқыршы Хәрри Поттер туралы кітаптары бірнеше марапатқа ие болып, 500 миллион дана көлемінде сатылды. Кейін олар тарихтағы сатылымы ең мол кітаптар сериясына айналып, тарихтағы ең кассалық фильмдер сериясының оқиға желісіне негіз болды. Роулинг сценарийлерды бекітіп және соңғы бөлімнің продюсері бола тұра, бүкіл шығармашылық процессті өзі басқарған.
Хәрри Поттер басынан өткізген шытырман оқиғалары жайында роман жазу туралы ой жазушыда 1990 жылы, Манчестерден Лондонға дейінгі пойыздағы сапары кезінде пайда болды. Сол кезеңде Джоан Халықаралық ғылыми қызметкер мен хатшы-аудармашы лауазымын атқарды. Келесі 7 жыл аралығында Роулиңтің анасы көз жұмды, Жоан жұбайымен ажырасып, кедейшілік зардабын шекті. Бірақ 1997 жылы жарық көрген «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» жазушыға әл-ауқат пен танымалдылық сыйлады. Нәтижесінде, Жоан алғашқы кітабына 6 сиквел және үстеме ретінде 3 қосымша кітап жазды. Серияның соңғы кітабы - «Хәрри Поттер және Қарғыс атқан бала» деп аталды. Осыдан кейін ол агенттігімен қош айтысып, ересектерге арналған әдебиетті жаза бастайды. 2012 жылы Роулиң «Кездейсоқ қызмет» атты кітап жарыққа шығарды. Жоан «Роберт Гэлбрейт» жасырын атымен «Көкектің үндеуі» (2013) және «Жібек иіруші» (2014) криминалдық романдарын жазады.
Ол Ұлыбританиядағы ең сатылымы мол жазушы. Жоанның сатылымдары 238 миллион фунт стерлиңтен асады. 2008 жылы Sunday Times Rich List Роулиңті Ұлыбританияның ең әл-ауқатты әйелдерінің тізімінде 12-орынға орналастырып, дәулетін 560 миллион фунтқа бағалады. 2007 жылы Forbes Роулиңті ықпалдылығы жөнінен 48-даңқты адам ретінде бағаласа, ал Time журналы жазушының өз жанкүйерлеріне сый ететін әлеуметтік, саяси және адами қолдауын есепке ала отырып, Жоанға Жыл тұлғасы номинациясында 2-орынды береді. 2010 жылғы қазанда Роулиң жетекші журналдар редакторларымен «Ұлыбританиядағы ең ықпалды әйел» атанды. Сонымен қатар, Жоан Gingerbread, Multiple Sclerosis Society of Great Britain және Lumos секілді ұйымдарды қолдап, филантроптық әрекеттерімен көзге түсті.
Фильмография
| Жыл | Қазақша атауы | Бастапқы атауы | Рөл | |
|---|---|---|---|---|
| 2010 | ф | Хәрри Поттер мен Ажал Сыйлары: 1 бөлім | Harry Potter and the Deathly Hallows: Part I | продюсер |
| 2011 | ф | Хәрри Поттер мен Ажал Сыйлары: 2 бөлім | Harry Potter and the Deathly Hallows: Part II | продюсер |
| 2015 | с | Кездейсоқ қызмет | The Casual Vacancy | бас продюсер |
| 2016 | ф | Таңғажайып хайуандар және опар мекендейтін аймақтар | Fantastic Beasts and Where to Find Them | сценарийші, продюсер |
| 2018 | ф | Әжеп айуандар Грин-де-Вальдтің қылмысы | Fantastic Beasts: The Crimes of Grindelwald | сценарий авторы, продюсер |
Сілтемелер
- Ресми сайт
- Pottermore — Хәрри Поттер жайлы сайт
- Жоан Роулиң Twitter-де
- Жоан Роулиң Facebook-те
- 31 шілдеде туғандар
- 1965 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Глостерширде туғандар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Ұлыбритания балалар жазушылары
- Ұлыбритания жазушылары
