
Жұмыс үстелі – құжаттарды және олармен жұмыс істеуге арналған негізгі құралдарды қамтитын Windows-тың негізгі элементі. Жүйе қотарылған кезде сіз оны бәрінен бұрын көресіз.
Жұмыс үстелінде Windows нысандары және басқарушы элементтері: белгішелер, лақаптар, үстелдер, мәзірлер, қалталар орналасады. Стандартты көріністе Жұмыс үстелінде менің құжаттарым, менің компьютерім, себет, желілік орта]], Internet Explorer терезелерінің белгішелері, тапсырмалар үстелі, бастау батырмасы орналасады.
Жұмыс үстелінің төменгі бөлігінде Бастау батырмасы, Жылдам іске қосу үстелі, Тапсырмалар үстелі, Индикаторлар үстелінен тұратын жолақ орналасқан
Жұмыс үстелі — бұл бейнебеттегі нағыз жұмыс үстелі сияқты ұйымдастырылған аймақ. Мұнда белгішелер, мәзірлер мен терезелер сияқты сан алуан элементтер орналасқан; олардың көмегімен бағдарламаларды іске қосуға және әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Windows жұмыс үстелінде осы нысандарды кәдімгі жұмыс үстеліндегі сияқты жылжытуға және қайта реттеп қоюға, сондай-ақ жұмысты бастауға және аяқтауға болады.
Пайдаланғанә дебиеттер
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал 2007ж.
- Бағдарламалық жасақтама
- Пайдаланушы тілдесулері