Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жәдік сұлтан , Джадк, Адик, Иадик (туған жылы белгісіз-1520) — қазақ сұлтаны. Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. Мұхаммед

Жәдік сұлтан

  • Басты бет
  • Жәдік сұлтан

Жәдік сұлтан , Джадк, Адик, Иадик (туған жылы белгісіз-1520) — қазақ сұлтаны. Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның тоғызыншы ұлы. Мұхаммед Хайдар Дулати Жәдік сұлтанды ықпалды сұлтандардың бірі болған деп көрсетеді. Жәдік сұлтанның бауыры Қасым хан түрлі саяси, дипломатиялық жолдармен Қазақ хандығын нығайтып, территориясын кеңейтуде оның қолдауына сүйенгені байқалады. Тарихи деректерде Жәдік сұлтанның өмірі туралы мәліметтер аз кездеседі. Ол Моғолстан ханы Жүністің төртінші қызы Нигар ханымға үйленген. Жәдік сұлтанның Тоғым, Бөкей және Шығай мен Мәлік деген төрт ұлы бар, оның екеуі Қазақ хандығының хандары болған. Мұхаммед Шайбани хан 1503 жылы Ташкент қаласын басып алған кезде Жәдік сұлтан қазақ даласына қашып кетеді. Жәдік сұлтан Шығым мырза бастап барған, ноғайлармен болған шайқаста Жыландытөбе деген жерде қаза табады. Бұл 1518 жылға дейін болуы керек, өйткені Шығым мырза 1518 жылы өледі. Қадырғали Жалайырдың мәліметіне қарағанда, Жәдік сұлтанның бейіті Үргеніштегі Бақырған Ата деген жерде. Әкесі - Әз Жәнібек хан. Баласы - Шығай хан.

Жәдік сұлтан
Лауазымы
Сарайшық әмірі
1513 — 1520
Монарх Қасым хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі Белгісіз
Қайтыс болуы 1520
Ноғай Ордасы
Сарайшық
Династия Төре
Жәдік әулеті
Әкесі Әз-Жәнібек хан
Балалары Тоғым хан
Бөкей сұлтан
Шығай хан
Мәлік сұлтан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз
Мақала бастамасы Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Өзен жүйесі

  • Наурыз 24, 2026

    Популяция

  • Наурыз 24, 2026

    Консументтер

  • Сәуір 05, 2026

    Өзен еңістігі

  • Наурыз 11, 2026

    Оңтүстік Қазақстан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары