Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жәке Қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр жоталары) — би, шешен. Абақ Керей тайпасының Меркіт руынан шыққан.

Жәке Қойтанұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Жәке Қойтанұлы (1830, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1914, Қытай, Сауыр жоталары) — би, шешен. Абақ Керей тайпасының Меркіт руынан шыққан.


  • Он жеті жасынан ел ісіне араласып, билік айтып, шешендігімен танылған.
  • 1883 ж. 800 үй меркіт руын бастап Сауыр тауына барып қоныстанған, сол рудың үкірдайы болып сайланған. Керей, Найман тайпаларына төрелік айтып, би болған. Түрлі дау-дамайларда әділдігімен көзге түсіп, “керейдің Жәкесі, меркіттің әкесі” атанған. Тарбағатай, Алтай, Қобданы билеген қытай ұлықтары, салық салу, жер мәселесін Жәке бимен келісіп шешкен.
  • Жәке ел ішінде сауат ашу ісіне де ат салысып, 1889 ж. Ласты өзеннің бойынан медресе ашқан. Зайсаннан Нұғман қазіретті шақыртып, бала оқытқан. Сол медресе кейін “Жәке медресесі” аталып кеткен.
  • Жәке бидің айтқан билік, нақыл сөздері Алтай аймағының орталық Сарсүмбе қаласынан шыққан “Таң шолпан” журналының 1947 жылғы 2-санында жарияланды.
  • 1944 ж. немересі Қабыл тәйжінің аузынан І.Омаров жазып алған Жәкенің шешендік сөздері М.Әуезов мұражайында сақтаулы тұр.
Жоғары