Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Заттыбек Көпбосынұлы Буленов (1974 жыл, Бәйдібек ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан) — қазіргі қазақ эстрадасының танымал әншісі, композитор, әрі орындаушы. Ол

Заттыбек Көпбосынұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Заттыбек Көпбосынұлы
Сурет
Негізгі ақпарат
Толық аты

Заттыбек Көпбосынұлы Буленов

Туған күні

1974 (1974)

Туған жері

Бәйдібек ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан

Белсенділік жылдары

1995—қазіргі күн

Мамандықтары

әнші

Ресми сайт

Заттыбек Көпбосынұлы Буленов (1974 жыл, Бәйдібек ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан) — қазіргі қазақ эстрадасының танымал әншісі, композитор, әрі орындаушы. Ол қазақ тыңдармандары арасында лирикалық, махаббат тақырыбындағы әндерімен кеңінен танымал. Әсіресе, 2000-жылдардың басынан бастап оның шығармашылығы кең таралып, көптеген хит әндері халық арасында сүйікті туындыларға айналды.

Өмірбаяны

1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы Кеңес ауылындa қарапайым отбасында дүниеге келген. Есімін Хатша әжесі қойған. Шығармашылық жолын 1995 жылы Бәйдібек ауданы «Шалдар» балалар саз мектебінде мұғалім болған. 1997–1998 жылдары Шалдар мәдениет уйінде көркемдік жетекші. 1999–2000 жылдары Шаншар таетрында өнерін көрсетті. 2000–2003 жылы Шымкент қаласы №71 орта мектеп музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарған. 2004–2007 жылы Шымкент қаласы №2 балалар музыка мектебінде домбыра пәні мұғалімі қызметін атқарады. 2001, 2005 жылдары Республикалық «Шалқар термесі» термешілер байқауының лауреаты. 2008 жылдан бері жеке шағырмашылықпен айналысуда. Халық арасында тараған бірнеше «Ақмаржан», «Немерем» тағы басқа әндердің авторы.

Жанұясы

  • Үйленген. Әйелі — Әлия. 2 баласы бар: Айзере, Бихан.

Марапаттары

  • „Сұлтан Бейбарыс“ төсбелгісі (2024)

Сілтемелер

Жоғары