| Изенді | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Өлшемі | 4,6 × 1,8 км |
| Ауданы | 5,7 км² |
| Көлемі | 1,9 млн. км³ |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 11 км |
| Тереңдігі | 7 м |
| Орналасуы | |
| 49°52′33″ с. е. 70°57′53″ ш. б. / 49.87583° с. е. 70.96472° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°52′33″ с. е. 70°57′53″ ш. б. / 49.87583° с. е. 70.96472° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы |
| Аудан | Нұра ауданы |
Изенді – Мұзбел қыратының оңтүстігіндегі тұйық көл.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Нұра ауданы Изенді ауылының оңтүстігінде 2 км жерде орналасқан. Құланөтпес өзені аңғарында.
Аумағы
Аумағы 5,7 км2, ұзындығы 4,6 км, енді жері 1,8 км, жағалауының ұзындығы 11 км, ең терең жері 7 м, суының көлемі 1,9 млн м3. Су жиналатын алабы 127 км2.
Жер бедері
Көл жағалауы көбіне тегіс, жайпақ келген. Жағалауы шалғынды, кей жері сор, сортаңды. Оңтүстік бөлігін қамыс құрағы су айдынының көп бөлігін алып жатыр. Шөгінді тұнбаның қалыңдығы 0,2 – 0,3 м.
Гидрографикасы
Негізінен атмосфералық жауын-шашынмен толысады. Солтүстігінен көлге құятын өзен саласы жазда құрғап қалады. Судың минералдылығы 1,2-ден 8,0 г/л-ге дейін ауытқиды. Суы кермекті. Көктемде суы мал суаруға пайдаланылады. Жағалауы шабындық.
- Алфавит бойынша көлдер
- Нұра ауданы көлдері

