Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақ хандығындағы Есім мен Тұрсын хандар арасындағы өзара қырқысты өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Қазақ хандарының билігіне бағынбай Бұхар хандығына к

Имамқұл хан

  • Басты бет
  • Имамқұл хан

Имамқұл хан (1582–1642) — Бұхар хандығының билеушісі (1611–1642), Аштархан әулетінің өкілі.

Имақұли хан
Лауазымы
Бұхара хандығының ханы
1611 — 1642
Ізашары Уәли Мұхаммед хан
Ізбасары Надир Мұхаммед хан
Ту
Ту
Ұлы жүздің ханы
1628 — 1642
Монарх Жәнібек хан ІІ
Ізашары Абылай сұлтан
Ізбасары Рүстем
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 1582 (1582)
Бұхара
Қайтыс болуы 1644 (1644)
Мекке
Балалары Ескендір, Рүстем
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Қазақ хандығындағы Есім мен Тұрсын хандар арасындағы өзара қырқысты өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Қазақ хандарының билігіне бағынбай Бұхар хандығына кеткен бүлікшіл сұлтан Абылайға Әндіжан өлкесінен үлес беріп, өзіне тартты. Сол арадан Абылай қазақ жеріне шабуыл жасап тұрды. 1623 ж. Абылай мен Имамқұл хан Ташкентке жорық жасады. Тұрсын хан бұхарлықтарды жеңіліске ұшыратты. 1624 ж. Тұрсын мен Есім хандар Абылай сұлтанды жазалау мақсатымен Әндіжанға біріккен жорық жасады. Абылай Имамқұлдан жәрдем сұрады. Қазақтар бұхарлықтарды жеңгенімен, Әндіжанды ала алмайды. Қазақ хандарының Имамқұлмен қарым-қатынастары өте күрделі болды. Қазақ билеушілері мен билікке ұмтылған сұлтандар Бұхара хандығындағы әр түрлі топтардың ішкі күресіне белсене араласты. 1611 жылы Есім хан інісі Бусайытпен бірге Имамқұлға басты бәсекелесі Уәлимұхаммедтен тақты тартып алуға көмектесті. Бірақ көп ұзамай олардың өзара одағы тарап кетті. Олардың арасындағы ұзаққа созылған таластың себебі маңызды сауда-экономика орталығы – Ташкент қаласы болды. Сарай тарихшысы Ескендір Муншидің жазуы бойынша 1611 жылы Түркістандағы қазақ сұлтандары Имамқұлдың Бұхара тағындағы әлсіз жағдайын пайдаланып, Ташкент пен оның айналасына иелік ету құқығын мойындатты. Бірақ 1612 жылы Имамқұл қазақтарға қарсы Түркістан арқылы “Аспара мен Қаратаудың ең шеткі аймақтарына дейін” жорық ұйымдастырып, жолындағы бірнеше қала мен елді мекендерді талан-таражға түсірді. Бірақ Имамқұл Ташкент аймағын тастап шығысымен қала тұрғындары көтеріліс жасап, оның билеуші етіп тастап кеткен ұлы Искандарды (Ескендір) өлтірді. Қайтып келіп көтерілісті басқан Имамқұл әскері қала тұрғындарын аяусыз жазалады. Бай егіншілік шұраттардың құлдырауына, қалалардың қирауына, мыңдаған бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкеп соққан қазақ және өзбек соғысы бұдан кейінгі жылдары да жалғасты. Имамқұл Иранмен де жиі-жиі соғысты. Бұл соғыстарда ол қазақтардан жәрдем алып отырды.

Сілтемелер

  • Имам-кули
  • Имам-кули
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Норман Фостер

  • Наурыз 27, 2026

    Жасушаның бөлінуі

  • Наурыз 11, 2026

    Сақтар

  • Сәуір 05, 2026

    Өзен иректілігі

  • Сәуір 04, 2026

    Жазғы уақыт

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары