Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.

Имантау (көл)

  • Басты бет
  • Имантау (көл)

Имантау — Сарыарқадағы Имантау тауының солтүстік-шығысындағы көл.

Имантау
Морфометрия
Өлшемі13,1 × 4,8 км
Ауданы49 км²
Тереңдігі10 м
Орташа тереңдігі5,7 м
Су алабы
Суды жинау ауданы483 мың км²
Шығатын өзенИманбұрлық өзені
Орналасуы
53°00′30″ с. е. 68°16′09″ ш. б. / 53.00833° с. е. 68.26917° ш. б. / 53.00833; 68.26917 (G) (O) (Я)Координаттар: 53°00′30″ с. е. 68°16′09″ ш. б. / 53.00833° с. е. 68.26917° ш. б. / 53.00833; 68.26917 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақСолтүстік Қазақстан облысы
АуданАйыртау ауданы
Имантау
Имантау (көл) (Солтүстік Қазақстан облысы)
Имантау
Имантау Ортаққорда
 Басқа мағыналар үшін Имантау деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылып жатыр.

Гидрографикасы

Аумағы 49 км2, ұзындығы 13,1 км, енді жері 4,8 км. Орташа тереңдігі 5,7 м, ең терең жері 10 м-дей. Су жиналатын алабы 483 мың км2. Суы гидрокарбонатты, минералдану мөлшері 780–840 мг/л.

Жағалау сипаты

Имантаудың оңтүстік жағалауында қарағай, қайың аралас орман өседі. Оңтүстік-батыс жағасы биік, тік жарлы. Басқа жағалары жайпақ. Көлдің солтүстік-батыс бөлігін көлге сұғына енген мүйіс оқшаулайды. Орта бөлігінде тасты арал бар. Түбі оңтүстік-шығысында тастақ, солтүстігінде сазды-құмды, қалған бөлігінде лай батпақты. Көл жағалауында қоға аралас қамыс қопасы өседі. Көлге бірнеше жылға келіп құяды. Оңтүстік-шығысынан Иманбұрлық өзені ағып шығады. Мал суаруға, т.б. шаруашылықтарға пайдаланылады, көлден балық ауланады (торта, аққайран, алабұға, шортан, күміс түсті және сарғыш мөңке).

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Кенді Алтай

  • Сәуір 13, 2026

    Фатима Ғабитова

  • Наурыз 22, 2026

    Миграция

  • Сәуір 07, 2026

    Шошқа шаруашылығы

  • Сәуір 21, 2026

    Обь өзені

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары