| Иіржар құмы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 386 м |
| Орналасуы | |
| 45°53′08″ с. е. 76°33′14″ ш. б. / 45.88556° с. е. 76.55389° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°53′08″ с. е. 76°33′14″ ш. б. / 45.88556° с. е. 76.55389° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Алматы облысы |
| Орналасуы | Балқаш көлінің оңтүстігі |
Иіржар, Iріжар – Балқаш көлінің оңтүстігінде, Іле мен Қаратал өзендерінің аралығындағы құмды алқап.
Географиялық орны
Алматы облысы Балқаш және Жетісу облысы Қаратал аудандарының жерінде орналасқан.
Жер бедері
Теңіз деңгейінен 386 м биіктікте. Қырқааралық ойпаңдарында сор және тақыр жерлер кездеседі. Жер асты суы 2 – 80 м аралығындағы тереңдіктен шығады. Солтүстігінде Бестас, шығысында Жаманқұм құмдары мен батысында Қарабасты қонысы жатыр.
Өсімдігі
Құм жалдардың етегінде қара сексеуіл, жүзгін, жусан, еркек шөп, күйреуік өседі. Негізінен мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша шөлдер
- Алматы облысы құмдары
- Жетісу облысы құмдары
