Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Борис Гиллер (1991—1998)Нұрлан Қаппаров (1998—1999)Рахат Әлиев (1999—2007)Дариға Назарбаева (2007—2008)Нұрсұлтан Назарбаев қоры(2008 бастап)

КТК (телеарна)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
КТК
«Коммерческий телевизионный канал» АҚ
Ел

 Қазақстан

Хабар тарату аумағы

 Қазақстан

Хабар тарату уақыты

07:00-03:00

Хабар тарату тілдері

қазақша, орысша

Басқару орталығы

Алматы, Желтоқсан көшесі, 185

Бейне форматы

16:9 (2014 жылдан бері)

Арнаның тақырыптамалары

ақпараттық, ойын-сауық

Хабар таратуын бастады

2 қараша 1990 жыл (сынақтық хабар тарату)
20 ақпан 1991 жыл (ресми хабар тарату)

Аудитория үлесі

12,59% (2-орын, мамыр 2024, K Research Central Asia)

Негізін салушы

Изя Фидель

Иесі

Борис Гиллер
(1991—1998)
Нұрлан Қаппаров
(1998—1999)
Рахат Әлиев
(1999—2007)
Дариға Назарбаева
(2007—2008)
Нұрсұлтан Назарбаев қоры
(2008 бастап)

Бас директоры

Бек Кенжебай (2026 жылдан бастап)

Сайт

ktk.kz

«КТК» — қазақстандық телеарна. Штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Қазақстандағы алғашқы жекеменшік телеарна «Коммерциялық телевизиялық арна» 1990 жылдың 2 қарашасында тіркеліп, 1991 жылы 20 ақпанда Алматы қаласында хабар тарата бастады. Негізін салушы — Изя Фидель.

Тарихы

Қазақстанда 1990 жылдың 2 қарашасында алғашқы жекеменшік телеарна – Коммерциялық телевизиялық арна тіркелді. Оның негізін салған - Изя Эйнехович Фидель.

1991 жылы 20 ақпанда Алматы қаласында «КТК» телеарнасы таратылымын бастады. Тура сағат 18:00-де эфирге шыққан жаңа телеарна кодтық болатын. Бастапқыда бағдарламалар тек шетел фильмдері, диснейлік мультфильмдер мен көңіл көтеретін шетелдік бағдарламалардан тұратын.

1992 жылы КТК кодтық сигналды тоқтатып, күні бойы көрсететін толық таратылымға ауысты.

1996 жылы КТК таратылымы арнасын кеңейтті. Телеарна жаңа айналымға шықты. Енді КТК-ны астанадан бөлек республиканың басқа қалаларында да тамашалай бастады. КТК және Караван газеті холдинг болып біріктірілді.

2004 жылы КТК телеарнасы өз телехикаяларын шығаруды қолға алды. «Господа офицеры» телехикаясының түсірілімі аяқталды. Бұл – қазақстандықтар, ресейліктер және америкалықтардың бірлескен жобасы.

КТК телеарнасында тұңғыш қазақ тіліндегі ақпараттық бағдарлама «Бір күн» деген атпен 1998 жылдың тамыз айында шыққан. Бір айдан кейін «Күндерек» деп аталды. 2000 жылдан бастап «Күндеректің» сапасы арта түсіп, телекеңістікке жаңадан «Шарайна» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы келіп қосылды. Бұл хабардың сол кезде жаппай шығып жатқан апталық сараптамалық телебағдарламалар арасында өзіндік ерекшелігі болды.

2002 жылы тамыз айында публицистикалық «Ел-жұрт» бағдарламасы шыға бастады. Ерекшелігі - халық өз жағдайын өз аузымен еш боямасыз айтып беруге мүмкіндік алды. Ал 2003 жылдың наурыз айынан «Ел-жұртты» Оразәлі Баймұрат жүргізе бастады. Хабар 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иеленді. Бұл бағдарлама 2007 жылдың сәуіріне дейін тұрақты түрде шығып тұрды.

«Қоғамдық қабылдау», «Қылмыс-ақпарат», «Алақан» хабарлары да көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

«Миллион кімге бұйырады?» хабары арқылы танымал болған Ескендір Сіргебаев түнгі «Шамшырақ» бағдарламасын жүргізді. Қазіргі тележұлдыз Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен «Қызық радио» әзіл-сықақ хабары шығып тұрды. Одан кейін Қазақстан КВН одағының президенті Есен Елеукен «J-club», «Анда-санда» әзіл-сықақ бағдарламаларын шығарды.

2007 жылғы жаңа телемаусымда Срайыл Смайылдың жетекшілігімен жаңа бағдарламалар: «Алаң жұрт» ақпараттық-сараптамалық, «Өз сөзім» авторлық хабары шықты.

Бірегей жоба – «Репортер» 2008 жылдың наурыз айында жарық көрді. Бағдарлама жүргізушілері – Гүлмира Әбіқай және Асқар Махмұтұлы 2008 жылы Қазақстан Журналистер одағының сыйлығына ие болды.

КТК-ның бірнеше жыл қатарынан «Жыл телеарнасы» атануына қазақ хабарларының қосқан үлесі мол. «Күндерек» ақпараттық бағдарламасы 2009 жылдың басынан «Жаңалықтар» деп аталды. 2017 жылы қыркүйек айында "Аптап" деген атпен ақпараттық-сараптамалық қорытынды бағдарлама жарық көрді. Жүргізушісі - Серік Жанболат. 2017 жылы күзде эфирге "Дау-дамайсыз" - әлеуметтік-публицистикалық жоба шықты. Жүргізушілері: Гүлмира Әбіқай, Жәзира Бегалы.

Басшыларының тізімі

Аты-жөніБасқарған жылдарЛауазымы
1Изя Фидель1990199?«КТК» телеарнасының бас директоры
2Игорь Мельцер19961997«КТК» телеарнасының бас директоры
3Александр Шухов199?199?«КТК» телеарнасының бас директоры
4Сергей Клещенков20002006«КТК» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы
5Артур Платонов20062007«КТК» акционерлік қоғамының президенті
6Арман Шораев20072014«КТК» акционерлік қоғамының бас директоры
7Қанат Сахариянов20142016«КТК» акционерлік қоғамының бас директоры
8Эльмира Джамилова20162026«КТК» акционерлік қоғамының бас директоры
9Бек Кенжебай2026«КТК» акционерлік қоғамының бас директоры

Жүргізушілері

  • Мадина Балғабаева (Жаңалықтар)
  • Әйгерім Асқарқызы (Жаңалықтар)
  • Ерланби Даулетияр (Жаңалықтар)
  • Светлана Булатова (Новости)
  • Камила Жусупова (Новости)
  • Гүлмира Әбіқай (Дау-дамайсыз)
  • Асқарбек Қазанғап (Дау-дамайсыз)
  • Жазира Бегалы (Дау-дамайсыз)
  • Аруна Ортай (Дау-дамайсыз)
  • Бердімұрат Хасенұлы (Астарлы ақиқат)
  • Қайрат Әділгерей (Кел, шырқайық!)

Бағдарламалары

  • Кешкі жаңалықтар. 1998 жылы "Күндерек" атауымен эфирге шықты. 2009 жылдың басынан "Жаңалықтар" деп аталды.
  • Вечерние новости. 1991 жылы "Телевизионные Неофициальные Новости" (ТНН) атауымен жарық көрді. 1993 жылы ТНН жаңалықтарының орнына "Вечерние новости" келді.
  • Дау-дамайсыз
  • Астарлы ақиқат
  • Было дело
  • Кел, шырқайық!

Телехикаялары

  • Менің сүйікті донорым
  • Аңсаған сәби
  • Бақыт жолында
  • Зәкира
  • Пленники
  • Тоғжан
  • Өмір-сынақ
  • Красный уровень
  • Упёртый
  • Аферисты
  • Шанхай
  • Акоча
  • Доктор Лейла
  • Ұрлаудан басқа амал жоқ
  • Жақыным алыс
  • Інжу
  • Қиын шақ
  • Жат туыстар
  • Әйел қырық шырақты
  • Несломленный
  • Құдалар

Логотиптері

Жоғары