Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бүкіл әлемдік тартылыс заңындағы гравитациялық тұрақтыны анықтау мақсатында 1797 – 1798 жж аралығында Генри Кавендиш жасаған тәжірибе. Гравитация тұрақтысының м

Кавендиш тәжірибесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бүкіл әлемдік тартылыс заңындағы гравитациялық тұрақтыны анықтау мақсатында 1797 – 1798 жж аралығында Генри Кавендиш жасаған тәжірибе. Гравитация тұрақтысының мәнін анықтау үшін ең алғаш ойдағыдай өлшеу жүргізген ағылшын ғалымы Генри Кавендиш болды. Ол күшті өлшеу үшін өте сезгіш иірілмелі таразы әдісін қолданды. Жеңіл стерженнің ұштарына бекітілген екі қорғасын шар m (әрқайсысының массасы 729 г) симметриялы орналастырылған М шарларының (әрқайсысының массасы 158 кг) жанына қойылған. Стержень серпімді жіпке асып қойылған, шарлардың бір-біріне тартылу күшін осы жіптің бұралуы арқылы өлшеуге болады. Жіптің жоғарғы ұшы орнату бүркеншігіне бекітілген, ал осы бүркеншікті бұру арқылы m және М шарларының ара қашықтығын өзгертуге болады.

Тәжірибе сызбанұсқасы

Кавендиштің (СИ жүйесіне аударғаннан кейін) тапқаны G = 6.74 × 1011 m3 kg1 sec2 - қабылданған мәннен 1% ғана беттеспедi.

Сыртқы сiлтемелер

Жоғары