Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Кардифф университеті (ағылш. Cardiff University) – Ұлыбританияның білім беру саласындағы негізгі орталықтардың бірі. Кардифф университеті 1883 жылы Король Чарте

Кардифф университеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кардифф университеті
Университет атауы
Шынайы аты The University of Sydney
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1883
Түрі мемлекеттік
Орналасуы
Орналасқан жері Кардифф, Уэльс, Ұлыбритания
Әкімшілік
Президенті Колин Риордан
Негізгі көрсеткіштер
Оқытушылар 5,230
Студенттер 27,774
Бакалавриат 20,611
Аспирантура 7,133
Сайты

Кардифф университеті (ағылш. Cardiff University) – Ұлыбританияның білім беру саласындағы негізгі орталықтардың бірі. Кардифф университеті 1883 жылы Король Чартердің үндеумен Оңтүстік Уэльс Коллледжі болып құрылған. 1972 жылы университет болып қайта құрылды.

Білім беру бағдары

Архитектура, Стоматология, Медицина, Акушерлік және Медбике ісі Кардифф университетінің негізгі курстарына жатады. Сонымен қатар, университеттің өзіндік ерекше курстары бар. Университетте білім алудың орташа құны 9,000 £-ті құрайды.

Университетте 27 мыңнан астам бакалавр, магистратура және докторантура студенттері білім алуда. Аталған ЖОО-ында Еуропалық Кеңестің Президенті Рой Дженкинс, Иордания Премьер-Министрі Фейсал әл-Файез және Нобель сыйлығының лауреаты Мартин Эванс секілді атақты саясаткерлер мен тұлғалар білім алған.

Университеттің басты корпусы
Ғимараттың артынан көрінісі
Гламорган ғимараты

Атақты бітірушілер мен оқытушылар

  • Рой Дженкинс , бұрынғы президент

Саясаткерлер

Дэвид Ричардс, қорғасыс минстрлігінің басшысы , 20 мамыр 2012г.
  • Уэйн Дэвид
  • Гуто Харри
  • Сэр Эмир Джоунз Парри(2003–2007)
  • Гленис Киннок, депутат
  • Нил Киннок
  • Роберт Минхинник,
  • Кристофер Уолтер Монктон,
  • Крейг Оливер

Ғалымдар

Мартин Эванс, Нобель сыйлығының лауреаты
Роберт Хубер, Нобель сыйлығыны лауреаты
  • Рудольф Аллеман
  • Робин Аттфилд, философ
  • Иегуда Бауэр
  • Григорий Кэмерон
  • Шейла Кэмерон
  • Арчи Кокрейн,
  • Питер Коулз
  • Пол Колтон
  • Хью Диксон
  • Стивен Даннетт
  • Сэр Мартин Эванс, Нобель сыйлығының лауреаты (2007 жыл)
  • Роберт Хубер , Нобель сыйлығының лауреаты (1988 жыл)
  • Джон Лафлин
  • Вон Лоу
  • Патрик Минфорд
  • Джон Уорвик Монтгомери
  • Кристофер Норрис
  • Сэр Кит Петерс
  • Ллойд Таннер
  • Доминик Уокер
  • Кит Уорд
  • Чандра Викрамасингх

Кәсіпкерлер

  • Стивен Берд
  • Спенсер Дейл
  • Эндрю Гулд
  • Мартин Льюис,
  • Дам Мэри Перкинс

Спортшылар

  • Натан Клеверли, профессиональный боксер

Журналистер мен өнер адамдары

  • Мэтт Барбет, журналист
  • Маниш Браниш, журналист және тележүргізуші
  • Ник Брумфилд, режиссёр
  • Филипп Кэшиан, композитор
  • Рахул Канвал, журналист
  • Чарман-Андерсон, журналист
  • Адриан Чилес, тележүргізуші
  • Джиллиан Кларк,
  • Хью Эдвардс, журналист
  • Кен Элиас, суретші
  • Макс Фостер, CNN, CNN Today
  • М.А. Гриффитс, поэт
  • Юлия Хартли-Брюэр, журналист и тележүргізуші
  • Тим Хетерингтон, фото-журналист
  • Карл Дженкинс, композитор
  • Алан Джонстон , журналист
  • Риз Хан, журналист
  • Бернард Найт, жазушы
  • Сиан Ллойд , тележүргізуші
  • Филипп Мадок, актёр
  • Шарон Морган, актриса
  • Сиан Филлипс, актриса
  • Сусанна Рид, тележүргізуші
  • Арлин Сьерра, композитор

Студенттік өмірі

Кардифф түбегі соңғы жылдары түбегейлі өзгертілуде. Бірнеше жыл бұрын бұл мекен көмір тасымалдаудағы негізгі кемежай болған болса, енді жағажай мейрамхана мен барларға толы. Кардифф 73 000 адамға лайықтап салынған регби спорттық жарыстары өткізілетін Millennium стадионымен әлемге әйгілі. Университеттің екі негізгі ғимараты бар. Бірі Cathays саябағының қасында орналасқан болса, екіншісі Heath саябағында орын тепкен. Кардифф университетінің студенттеріне арналған жатақханада тұру бағасы аптасына 71-99 £-ті құрайды. Ал университеттен тыс жерден тұрақты жалға алатын болсаңыз, аптасына 55-65 £ шамасы болады. Университет ұжымы жуырда 30 миллион £-ті қамтитын екі үлкен ғылыми институтын ашуды жоспарлап отыр. Олар – Қатерлі ісік жасушаларын зерттеу институты мен Психикалық денсаулықтың ғылыми-зерттеу институты. Сонымен қатар, Университет төңірегінде 20-дан астам кітапхана жұмыс істейді.

Жоғары