Координаттар: 50°05′18″ с. е. 14°24′13″ ш. б. / 50.0884° с. е. 14.4037° ш. б. (G) (O) (Я)
| Карлов университеті | |
![]() | |
| Университет атауы | |
|---|---|
| Халықаралық атауы | Univerzita Karlova v Praze |
| Жалпы сипаттамасы | |
| Құрылған жылы | 1348 жыл |
| Түрі | Ұлттық университет |
| Орналасуы | |
| Орналасқан жері | Чехия, Прага |
| Мекенжайы | Ovocný trh 5, 116 36 Praha 1 |
| Әкімшілік | |
| Негізгі көрсеткіштер | |
| Студенттер | 53 мың. |
| Шетел студенттері | 7 мың |
| Бакалавриат | 20 мың |
| Магистратура | 25 мың |
| Сайты | www.cuni.cz/ |
| өңдеу | |
Карлов университеті(серб-хорв. Universita Karlova) — Европадағы байырғы университеттердің бірі және бірінші славян университеті. 1348 жылы Прагада император Карл IV негізін құрған. Алғашқыда университетте еркін өнер, құқық, медицина факультеттері болды.

Тарихы
Гусив революция қозғалысы кезінде Карлов университеті ұлт-азаттық және антикатоликтік күрестің орталығына айналды. 1526 жылы Прагада Карлов университетінің ықпалын нашарлату мақсатында иезуиттік академия құрылды, ол 1654 жылы император Фердинанд III кезінде Карлов университетімен бірктіріліп, Карл-Фердинанд университеті болды. Ұлттық қайта өркендеу кезінде (18 ғ-дың соңы, 19 ғ-дың орта шені) университет студенттері мен профессорлары Чехияны Австрия үстемдігімен азат ету күресіне, 1448-1449 жылдары революциялық қозғалысқа қатысты. 1882 жылы Карлов университеті екіге: чех және неміс университетіне бөлінді. Неміс-фашизм оккупациясы кезінде университет жұмысын тоқтатып, 1945 жылы қайта ашылды.
Университет факультеттері
Карлов университеті құрамында:
- математика және физика
- жаратылыс тану ғылымдары
- жалпы медицина
- медицина
- философия
- заң
- мәдениет және журналистика
- дене тәрбиесі және спорт факультеттері бар.
- Алфавит бойынша университеттер
- Чехия жоғарғы оқу орындары