| Карлос Билардо | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Толық аты | Карлос Сальвадор Билардо | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 16 наурыз 1939 (87 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | жартылай қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Карлос Сальвадор Билардо (ис. Carlos Salvador Bilardo; 16 наурыз 1939 жыл, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, футбол жаттықтырушысы.
Аргентина құрамасы
1983-90 жылдары Аргентина құрамасын жаттықтырды. 1986 жылғы әлем чемпионатында футболшыларды Марадонаның төңірегіне топтады. Мұнысы қателік болмады, Аргентина финалда ГФР құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Бірақ 1986 жылғы оның қызметі жайлы Марадона былай дейді:
"Билардоның тактикасын ешкім түсінген жоқ, сенбесеңіздер Вальдано мен Бурручагадан сұраңыздар. Тіпті оның тактикасын түсіндіру үшін бір-бірімізге аудармашы болуға дейін бардық. Вальдано да, Бурручага да алаңда не істеу керектігін білмей дағдарды. Ал мен қалағанымша ойнадым. Сол себепті де, чемпиондыққа Билардоның қосқан үлесі шамалы".
1990 жылғы әлем чемпионатында да құрама финалға шықты, бұл жолы тап сол ГФР құрамасынан жеңіліп қалды. Чемпионаттан соң ол қызметтен кетті.
Басқа да фактілер
- 1990 жылғы әлем чемпионатынан соң журналистиамен айналысты. Бірақ екі жылдан кейін бапкерлікке қайта оралды.
- 2006 жылғы әлем чемпионатына телекомментатор ретінде барды.
- 2007 жылы Буэнос-Айрес провинциясының спорт министрі боп тағайындалды.
- 2008 жылы Аргентина құрамасының менеджері боп тағайындалды да, бас бапкер Диего Марадонаның кеңесшісі болды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
- Аргентина чемпионы (2): 1959, 1967 (Метрополитано)
- Либертадорес кубогы (3): 1968, 1969, 1970
- Құрлықаралық кубок (1): 1968
- Америкааралық кубок (1): 1969
- Панамерика ойындары (1): 1959
Бапкер ретінде
- Аргентина чемпионы (1): 1982 (Метрополитано)
- Әлем чемпионы (1): 1986
Сілтемелер
- 16 наурызда туғандар
- 1939 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Аргентина футболшылары
- Сан-Лоренсо де Альмарго ФК ойыншылары
- Эстудиантес ФК ойыншылары
- Аргентина футбол жаттықтырушылары
- Эстудиантес ФК жаттықтырушылары
- Сан-Лоренсо де Альмагро ФК жаттықтырушылары
- Колумбия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары
- Аргентина Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары
- Севилья ФК жаттықтырушылары
- Бока Хуниорс ФК жаттықтырушылары
- Ливия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары