Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Кароль Тадеуш Навроцкий (пол. Karol Tadeusz Nawrocki; 3 наурыз 1983 жыл, Гданьск) — поляк тарихшысы, саясаткер, 2025 жылғы тамыздан бергі Польша президенті.

Кароль Навроцкий

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Кароль Навроцкий
Karol Nawrocki
Лауазымы
Ту
Ту
Польша президенті
Ту
Ту
6 тамыз 2025 жылдан бастап
Премьер-Министр Дональд Туск
Ізашары Анджей Дуда
Ту
Ту
Ұлттық еске алу институтының президенті
Ту
Ту
23 шілде 2021  6 тамыз 2025
Ізашары Ярослав Шарек
Ту
Ту
Екінші дүниежүзілік соғысы музейінің директоры
Ту
Ту
19 қазан 2017  23 шілде 2021
Ізашары Павел Махцевич
Ізбасары Гжегож Берендт
Өмірбаяны
Партиясы Партиясыз
Білімі
  • Гданьск университеті
  • Гданьск политехника университеті
Мамандығы
  • тарихшы
  • саясаткер
Дүниеге келуі 3 наурыз 1983 (1983-03-03)(43 жас)
Гданьск, Польша Халық Республикасы
Жұбайы Марта Навроцкая
Балалары 3
Марапаттары
Кароль Навроцкий Ортаққорда

Кароль Тадеуш Навроцкий (пол. Karol Tadeusz Nawrocki; 3 наурыз 1983 жыл, Гданьск) — поляк тарихшысы, саясаткер, 2025 жылғы тамыздан бергі Польша президенті.

Өмірбаяны

Кароль Навроцкий 1983 жылғы 3 наурызда Гданьскіде дүниеге келген. Гданьск университеті мен Гданьск политехника университетінде оқыған ол мамандығы бойынша — тарихшы.

2021 жылғы 23 шілдеден Навроцкий — Ұлттық еске алу институтының президенті.

2024 жылғы ақпанда Ресей Польшадағы Қызыл армия ескерткіштерін бұзуға байланысты қозғалған қылмыстық іс аясында Навроцкийге халықаралық іздеу жариялаған болатын.

2025 жылы президент сайлануы

Толық мақаласы: Польшадағы президент сайлауы (2025)

2025 жылғы Польша президентін сайлауы кезінде партиясыз Навроцкийді Құқық пен әділет (PiS) партиясы ұсынған болатын.

18 мамырда басталған сайлаудың бірінші айналымында еш үміткер де дауыстың 50% жинай алмады да, 1 маусымда оның екінші айналымы өтпек болды. Оған Навроцкий мен Рафал Тшасковский қатысты. Тшасковскийдің тұңғыш айналымда бірінші болғанына қарамастан ақыр аяғында Польша президенті болып Навроцкий сайланды.

Саяси ұстанымы

Ішкі саясат

Түрлі дереккөздер Навроцкийді ұлтшылконсерватор деп сипаттаған. Навроцкий қолдаушыларының біразы Польшадағы иммиграцияға қарсы шығады.

Сыртқы саясат

Виктор Орбан мен Роберт Фицо сындыларға ұқсас делінетін Навроцкий бұрын Дональд Трампқа жақындығы мен украин босқындарына жағымсыз қарағаны үшін белгілі болды. Ол, оған қоса, еуроскептик саясаткерлерге ұнайды делінеді. Сайлануына дейін Навроцкий Америка Құрама Штаттарына сапар жасап, Трамппен кездесіп те көрген, одан қолдау алған.

Навроцкий Украинаның Еуропа Одағы мен НАТО құрамында болғанына қарсы пікір білдірген еді. Ол, алайда, Ресеймен соғысып жатқан Украинаны қолдайды.

Өз өмірі

Кәсіби мансабының сыртында Навроцкий, оған қоса, әуесқой бокспен айналысады.

Ескертпелер

  1. Құқық пен әділет партиясынан қолдау көрді
Жоғары