Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Алматы облысының Райымбек ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 110 км, су жиналатын алабы 7,7 мың км2.

Кеген (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кеген өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 110 км
Су алабының
ауданы
7,7 мың км²
Су алабы Іле өзені
Су ағысы
Бастауы Кетпен (Ұзынқара) және Қаратау жотасының оңтүстік беткейлері
  Координаттары 43°18′17″ с. е. 80°22′39″ ш. б. / 43.30472° с. е. 80.37750° ш. б. / 43.30472; 80.37750 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Шарын
  Координаттары 43°03′49″ с. е. 78°47′09″ ш. б. / 43.06361° с. е. 78.78583° ш. б. / 43.06361; 78.78583 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°03′49″ с. е. 78°47′09″ ш. б. / 43.06361° с. е. 78.78583° ш. б. / 43.06361; 78.78583 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Алматы облысының Райымбек ауданы
 Басқа мағыналар үшін Кеген деген бетті қараңыз.

Кеген – Іле алабындағы өзен.

Географиялық орны

Алматы облысының Райымбек ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 110 км, су жиналатын алабы 7,7 мың км2.

Бастауы

Кетпен (Ұзынқара) және Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алады. Жоғары жағында Шалкөдесу деп аталады. Қарқара өзенімен бірге Шарын өзенін құрайды.

Этимологиясы

Атаудың шығу төркіні жайлы алуан түрлі жорамалдар айтылған. Ғ.Қоңқашбаевтың айтуынша, өзен аты моңғол тіліндегі геген "әулие, қасиетті" десе , А.Әбдірахманов ол атау моңғол, бурят тілдеріндегі гэгээн "ашық, айқын", "жарық" деген мағыналы сөз дегенді айтады. Ал, Е.Қойшыбаев ол атауды көне түркі тіліндегі Көгмен ("Көк тірескен") оронимінің (тау атауының) фонетикалық көрінісі, осымен сілемдес Кетпен (көне түрі Кетман) атауымен салыстырыңыз дейді. Бұл пікірге қатысты ономаст ғалым Т.Жанұзақ "Көгмен - Саян таулары, ол Алтайда ғой" деген тұжырым жасайды. Кеген өзені атауының XI ғ. ғалымы М.Қашқари еңбегінде: "Кейкан - Ulug Kejkan, Kicig Kejkan тұлғаларында беріліп, "Қаяс тауынан Ыла (Іле) өзеніне қарай ағатын өзен аттары" деп көрсетілген. Атаудың бірінші сыңарындағы кей сөзі сол замандарда кейде кей, кейде күй, енді бірде құй тұлғаларында айтылып, "үңгір", "үлкен", "терең шұңқыр", "өзен арнасы", "жағасы" (хакас тілінде), "терең сай", "биік жар", "тік жар", "беттің етегі" (қазақ, қырғыз тілдерінде) мағыналарын білдіріпті. Кейінгі замандарды айтыла келе қысқарып, кей сөзінің соңындағы й дыбысы түсіп қалған. Ал ке тұлғасына қосылған ген сөзі көне түркі тілдерінде "су", "өзен" деген мағынада қолданылғанын көреміз. Бұл деректерге қарағанда, Кеген атауының мағынасы "терең сай, арнадағы өзен" дегенді анық аңғартады. Өзен ағып жатқан сайдың физикалық-географиялық сын-сипаты мен бет-бедері оның атына дәл келіп-ақ тұр.

Гидрологиясы

Жоғарғы бөлігінде тар шатқалдармен ағып, төменгі бөлігінде тауаралық аңғарға шығып ағысы баяулайды. Ірі салалары: Кетпен, Кеңбұлақ т.б. Өзен қар және жер асты суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Үлкен Талдыбұлақ сағасынан төменде 30,0 м3/с. Суын өзен бойындағы елді мекендер қажеттеріне пайдаланады.

Жоғары