Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Келмембет Келдібайұлы (шамамен 1648 – 1673) – батыр. Алшынның Шөмекей руының Бозғұл аймағынан шыққан. Ел ішінде тараған аңыздар мен әңгімелерде Келмембет пен Әл

Келмембет Келдібайұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Келмембет Келдібайұлы (шамамен 1648 – 1673) – батыр. Алшынның Шөмекей руының Бозғұл аймағынан шыққан. Ел ішінде тараған аңыздар мен әңгімелерде Келмембет пен Әлдеберлі батыр екеуінің есімі қатар айтылады. Ауызша шежірелердің бірінде Келмембет батыр Әлдеберлінің әкесі делінсе, енді бірінде керісінше, Келмембет Әлдеберлінің баласы деп, тағы бір аңыз-әңгімелерде екеуі тіпті бір адам деп көрсетіледі.Келмембет батыр бірде жасақ арасынан Сарғасқа атпен суырылып шығып, алдырмай тұрған жау қамалын бұзады. Содан “Сарғасқа атты сарбаз” атанып кеткен. Молдахмет Дабылұлы (1893–1946) Келмембетке арнап “Сарғасқа атты Келмембет” атты дастан жазды. Жазушы Құланбай Көпішев 1958 ж. Алматыдан “Сарқасқа атты сарбаз батыр”, 1998 ж. Мәскеуден “Воин на саврасом коне” деген атпен жыр жинақтары шықты. “Жұлдыз” журналында, “Түркістан” газетінде Келмембет батыр туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелер жарияланды. 1999 ж. Қызылорда қаласының орталығында Келмембет батырға арнап ескерткіш орнатылып, ол туралы жеке жинақ жарық көрді (1998). Келмембет батыр әулетінен Бәйтік, Тоғанас, Сарман батырлар, Жәрімбет, Қалдан билер, Т.Жүргенов, Қ.Қабылов сынды қоғам қайраткерлері тараған. М.Тынышбаевтың 1925 ж. Ташкентте шыққан “Материалы к истории киргиз-казахского народа” деген еңбегінде шөмекей тайпасының аталығы Келмембет ұранын “Сарғасқа” деп көрсеткен.

Шежіре: Келмембет (Сарықасқа/Сарғасқа)-Келдібай-Бозғұл-Шөмекей

Жоғары