Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бастауын Ұлытаудың солтүстігіндегі Желдіадыр тауының солтүстік беткейінен алады. Керей көліне шығысынан құяды.

Керей (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Керей өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 100 км
Су алабының
ауданы
3490 км²
Су алабы Теңіз көлі
Су ағысы
Бастауы Желдіадыр тауының солтүстік беткейі
  Координаттары 49°29′06″ с. е. 68°02′16″ ш. б. / 49.48500° с. е. 68.03778° ш. б. / 49.48500; 68.03778 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Керей көлі
  Координаттары 50°06′28″ с. е. 68°45′47″ ш. б. / 50.10778° с. е. 68.76306° ш. б. / 50.10778; 68.76306 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°06′28″ с. е. 68°45′47″ ш. б. / 50.10778° с. е. 68.76306° ш. б. / 50.10778; 68.76306 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан
Аймақ Қарағанды облысы Нұра ауданы
 Басқа мағыналар үшін Керей деген бетті қараңыз.

Керей – Теңіз көлі алабындағы өзен.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Нұра ауданының батысынан ағып өтеді.

Бастауы

Бастауын Ұлытаудың солтүстігіндегі Желдіадыр тауының солтүстік беткейінен алады. Керей көліне шығысынан құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 100 км, су жиналатын алабы 3490 км2. Негізгі салалары: Талсай, Қарасу, Басыақтұма. Жайылмасының ені 50 – 300 м, иректеліп келетін арнасының ортаңғы, төменгі ағыстарындағы ені 30 – 40 м. Негізінен қар және жер асты суларымен толығады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Жылдық орташа су ағымы сағасында 0,55 м3/с. Суы ауыз су ретінде, жайылымдарды суландыруға, мал суаруға жарамды. Алабында жайылмасын көлдете суғару үшін салынған бөгеттер (жалпы су көл. 1,23 млн. м3) бар.

Жоғары