Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс (15 наурыз 1935 жыл, Алматы облысы Райымбек ауданы — 10 желтоқсан 2007 жыл) — ғалым, тарих ғылымының докторы (1973), профессор (1980), Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1982), Қазақстан Ұлттық ғылыми академиясының академигі (2003); 1987 жылы — корреспондент мүшесі.
Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.
1957 жылы ҚазМУ-нің тарих факультетін бітірді. 1958 жылдан Қазақстан Ұлттық ғылыми академиясының Тарих жөне этнология институтында қызмет істейді. Нұрпейісов Қазақстан тарихы, ұлттық-мемлекеттік құрылым проблемалары жөнінде бірнеше монография, кітапша және 400-ге жуық ғылыми- зерттеу мақалаларын жариялады. Қазақстан мен Орта Азиядағы Азамат соғысы туралы 2 томдық құжаттар жинағын (“Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азии и Казахстане”. Документы и материалы, том 1,1963; том 2, 1964), Қазақстандағы Қазан революциясының шежіресін (1967), Қазақстан ғалым академиясындағы (ҒА) тарих, археология және этнография институтының Ақмола, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында істеген ғылыми экспедицияларының зерттеу қорытындыларын (кітапта: “Из истории социального строительства в Казахстане”, 1960; “Из истории Октябрьской революции и гражданской войны в Казахстане”, 1962; “Из истории борьбы за власть Советов в Казахстане”, 1963) жариялауға қатысты. 1982 жылы Қазақстан тарихының 5 томдық үжымдық жинағын шығаруға қатысқаны үшін Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен технология қайраткері (1998). 3 ғылыми доктор, 25-тен аса ғылым кандидатын даярлады. 300-ден аса ғылыми жарияланымның, соның ішінде 20-дан аса монографияның авторы.
Шығармалары
- "Становление Советов Казахстана", 1987;
- "История Казахстана с древнейших времен до наших дней", очерк, 1993;
- "Алаш һөм Алашорда", 1995.
- 1935 жылы туғандар
- 15 наурызда туғандар
- Райымбек ауданында туғандар
- 2007 жылы қайтыс болғандар
- 10 желтоқсанда қайтыс болғандар
- Қазақстан ғалымдары
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері