Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Кеңес Одағының Батыры (орыс. Герой Советского Союза) — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КС

Кеңес Одағының Батыры

  • Басты бет
  • Кеңес Одағының Батыры

Кеңес Одағының Батыры (орыс. Герой Советского Союза) — Кеңес Одағында 1934 – 1991 жылдары Отан үшін ерекше ерлік көрсеткен адамдарға берілген ең жоғары атақ. КСРО ОАК-нің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысы бойынша бекітілген. Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен берілді. Кеңес одағының батыры атағы берілгендерге Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының грамотасы тапсырылды. Кеңес Одағының Батыры атағын 2-ші рет алғандар екінші «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталып, оның туған жеріне қоладан бюст қойылды. Кеңес одағының батыры атағын үш рет алғандарға бюст Мәскеуде қойылды. Кеңес Одағының Батыры атағын ең алғаш алғандар мұзда қалған кемелердегі адамдарды құтқарушы ұшқыштар болды.

Кеңес Одағының Батыры
Шынайы атауы орыс. Герой Советского Союза
Мемлекет  КСРО
Түрі жоғарғы атақ
Жағдайы берілмейді
Негізделді 16 сәуір 1934
Алғашқы иегері 20 сәуір 1934
Соңғы иегері 24 желтоқсан 1991
Барынша ұсынылған 12 777
Төменгі марапаты Социалистік еңбек ері
Hero of the Soviet Union Ортаққорда

Мазмұны

Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары

Қазақстандықтардың ішінен ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алғаш ұшқыш П.Ф. Шевцов (1937, 22 қазан) Испанияда фашизмге қарсы күресте көрсеткен ерлігі үшін берілді. 1938 – 1941 жылдары жапон және фин соғысында көрсеткен ерліктері үшін С.В. Гуденко, Е.С. Чуйков, В.К.Булавский мен Г.С. Пулькин Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұлы Отан соғысы жылдарында 500-ге жуық қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атанды. Одан кейінгі уақытта да Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтар қатары біршама өсті.

Толық мақаласы: Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары (тізім)

Тағы қараңыз

  • Ұлы Отан соғысы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Өтеген батыр

  • Сәуір 07, 2026

    Қарахандар әулетi

  • Сәуір 09, 2026

    Отау көтеру

  • Сәуір 03, 2026

    Мемлекеттік тіл

  • Наурыз 21, 2026

    Ауыз әдебиеті

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары