Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Кирсти Ли Ковентри Сьюард — зимбабвелік жүзгіш және саясаткер, Халықаралық Олимпиада комитетінің оныншы президенті.

Кирсти Ковентри

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кирсти Ковентри
Kirsty Coventry
Туған күні

16 қыркүйек 1983 (1983-09-16)(42 жас)

Туған жері

Хараре, Зимбабве

Азаматтығы

 Зимбабве

Қызметі

Спорттық әкімші

Әкесі

Роберт Эдвин

Анасы

Лин Ковентри

Жұбайы

Тирон Сьюард

Балалары

2

Марапаттары мен сыйлықтары

7 олимпиадалық медаль

Сайты

http://www.kirstycoventry.com/

Ортаққордағы Кирсти Ковентри

Кирсти Ли Ковентри Сьюард — зимбабвелік жүзгіш және саясаткер, Халықаралық Олимпиада комитетінің оныншы президенті.

Ол Зимбабве тарихында қоржынға түскен сегіз олимпиадалық медальдің жетеуін жеңіп алған. Оның екеуі алтын, төрт күміс және бір қола медальдар.

2013 жылдан бастап Кирсти Ковентри ХОК және Зимбабве Олимпиада комитетінің мүшесі болып келеді.

2018 жылдан бастап ол Зимбабве елінің жастар, спорт, өнер және рекреация министрі болып қызмет атқарады.

Кирсти Ковентри — Халықаралық Олимпиада комитетін басқаруға сайланған алғашқы әйел және алғашқы Африка өкілі.

Медальдары

  • 2002 жыл, Англия, Коммонуэльс ойындары — 1 алтын
  • 2004 жыл, Грекия, Олимпиада ойындары — 1 алтын, 1 күміс, 1 қола
  • 2005 жыл, Канада, Әлем чемпионаты — 2 алтын, 2 күміс
  • 2007 жыл, Алжир, Бүкіл Африкалық ойындар — 7 алтын, 3 күміс
  • 2007 жыл, Аустралия, Әлем чемпионаты — 2 күміс
  • 2008 жыл, Қытай, Олимпиада ойындары — 1 алтын, 3 күміс
  • 2009 жыл, Италия, Әлем чемпионаты — 1 алтын, 1 күміс
  • 2011 жыл, Мозамбик, Бүкіл Африкалық ойындар — 4 алтын, 4 күміс
  • 2015 жыл, Конго Республикасы, Бүкіл Африкалық ойындар — 3 алтын
Кирсти Ковентри 2009 жылы
Жоғары