Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Классикалық күрес — спорттық күрестердің бір түрі. Балуандар күресі ерте заманнан белгілі. Ертедегі олимпиада ойындарының да бағдарламасына енген. Күрестің алға

Классикалық күрес

  • Басты бет
  • Классикалық күрес

Классикалық күрес — спорттық күрестердің бір түрі. Балуандар күресі ерте заманнан белгілі. Ертедегі олимпиада ойындарының да бағдарламасына енген. Күрестің алғашқы ережесі 1896 жылы шыққан. КСРО-да спорттың бұл түрі француз күресі, грек-рим күресі деп аталынып келді. 1948 жылдан бастап классикалық күрес деп аталынды. КСРО 1947 жылы классикалық күрес халықаралық федерациясына енді. КСРО-да классикалық күрестен алғашқы чемпионат 1924 жылы ұйымдастырылды. Күрестің бұл түріне түрегеліп тұрып лақтыру, жығу, үйіру, жығылып жатып лақтыру, аудару әдістері енеді. Мұнда белден төмен ұстауға, аяқпен айла-тәсіл қолдануға рұқсат етілмейді. Белдесу уақыты 9 минут. Әр 3 минуттан кейін бір минуттік үзіліс беріледі . Классикалық күрестегі жекпе-жектің мақсаты қарсыластың екі жауырынын бір мезгілде кілемге тигізу. Белдескенде екі балуан арасында 4 айып ұпайы сарапқа түседі. Жеңіске -0 (жеңіліске-4), тең түссе-2 (екеуіне де), ұпай санымен жеңгенде 1 (жеңілгенде-3,5) ұпай беріледі. Жарыс барысында аз айып ұпай алған балуан жеңген болады. Ал 6 айып ұпай алған балуан жарыстан шығарылады. Алматыда күрестен спорт мектебі 1936 жылы ашылған. Классикалық күрес балуандарының жарысы жыл сайын өткізіліп тұрады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Гидросфера

  • Сәуір 10, 2026

    Қайыңдыкөл (ауыл)

  • Сәуір 06, 2026

    Қайрақты (тау)

  • Наурыз 12, 2026

    Металдар

  • Наурыз 23, 2026

    Арыстан баб кесенесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары