Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органи

Консументтер

  • Басты бет
  • Консументтер

Консументтер (лат. consumo – тұтынамын), тұтынушылар – қоректік тізбекте фотосинтез немесе хемосинтез жүргізетін өндіргіштер (продуценттер) түзетін дайын органикалық заттарды пайдаланатын организмдер. Барлық гетеротрофты организмдер Консументтер болып табылады. Олар өздері пайдаланған органикалық заттарды ақырғы өнімдерге дейін ыдыратпайды. Консументтер тобына барлық адам, жануарлар түрі, микроорганизмдердің біраз тобы, паразит және жәндік жегіш өсімдіктер жатады. Консументтер алғашқы (бірінші реттік) және соңғы (екінші реттік) болып жіктеледі. Алдыңғы топқа өсімдік тектес азықпен қоректенетіндер (өсімдік қоректі жануарлар, паразит өсімдіктер, кейбір “өсімдік қоректі” микроорганизмдер), ал соңғысына – жануар текті тамақпен қоректенетіндер жатады. “Консументтер” деген түсінік гетеротрофтар деген ұғымға жақын, бірақ олардың айырмашылығы Консументтер редуценттерге (органикалық қалдықтарды бейорганикалық заттарға айналдыратын организмдерге) жатпайды. Сонымен қатар Консументтер ұғымы автотроф-гетеротроф организмдерін жіктеуде емес, продуцент – консумент – редуцент қатарларын жіктеуде қолданылады. Экологиялық жүйеде Консументтер басқарушы, теңестіруші буын рөлін атқарады, сондықтан олар сан және түр жағынан продуценттерден де, редуценттерден де басым болады.

Қасқыр
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 29, 2026

    Жүгіру

  • Сәуір 04, 2026

    Петропавл қаласы

  • Наурыз 18, 2026

    Дулат Исабеков

  • Сәуір 02, 2026

    Ақмола губерниясы

  • Наурыз 13, 2026

    Қазақстан қалалары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары