Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Коряк тілі (Koryak language) — палеоазияттық тілдер отбасының чукот – камчатка тармағына кіреді. Үндестігі бар тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатад

Коряк тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Коряк тілі
Өз атауы:

Koryak language

Елдер:

Ресей

Сөйлеушілер саны:

1665 (2010)

Классификация

Еуразия тілдері

палеоазияттық тілдер отбасы
чукот–камчатка тармағы
Жазуы:

кириллица

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

коя 335

ISO 639-1:

kpy

ISO 639-2:

ISO 639-3:

kpy

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Коряк тілі (Koryak language) — палеоазияттық тілдер отбасының чукот – камчатка тармағына кіреді. Үндестігі бар тілдердің жалғамалы (агглютинативті) түріне жатады.

Референтті халық

Референтті халық: коряктар; өз атауы: жағалау коряктары – нымылгын, бұғы өсіруші коряктар – чавиын.

Географиялық таралуы

Коряктар Камчатка түбегінің солтүстік және орталық бөлігінде, Беринг және Охот теңіздерінің жағалауында, этникалық топтың көпшілігі Коряк автономиялық округінде тұрады. Коряктардың аз бөлігі Камчатка облысының Коряк автономиялық округінің құрамына кірмейтін аудандарында (Быстринский, Соболевский), 700-ден астам коряктар қазіргі Магадан облысының Северо-Евенск ауданының аумағында, негізінен Тайгонос түбегінде тұрады.

Диалектісі

Коряк тілінде бірнеше диалектілер бар: чавчувен, апукин, камен, алютор (кейде дербес тіл болып саналады), иткан, олардың ішінде чувчувен диалектісі жазудың негізін қалады. Чавчувен диалектісінде бұғы бағушы коряктар сөйлейді.

Жазуы

Коряк тілінің жазу жүйесі 1930 жылдары жасалды – алдымен латын әліпбиіне, содан кейін кириллицаға негізделген. Бірінші коряк әліппесін сол уақытта лингвист, этнограф-солтүстікші, алғашқы коряк мектептерінің ұйымдастырушысы Сергей Стебницкий жасаған.

А а Б б В в Вʼ вʼ Г г Гʼ гʼ Д д Е е
Ё ё Ж ж З з И и Й й К к Ӄ ӄ Л л
М м Н н Ӈ ӈ О о П п Р р С с Т т
У у Ф ф Х х Ц ц Ч ч Ш ш Щ щ Ъ ъ
Ы ы Ь ь Э э Ю ю Я я
Жоғары