| Коул Спраус | |
| ағылш. Cole Sprouse | |
Спраус, 2019 жыл | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Коул Митчелл Спраус |
| Туған күні | 4 тамыз 1992 (33 жас) |
| Туған жері | Ареццо, Тоскана, Италия |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 1993—2012 |
| Марапаттары | Teens Choice Awards (2017 — екі рет) |
| IMDb | |
| Коул Спраус | |
Ортаққордағы Коул Спраус | |
Коул Митчелл Спраус (ағылш. Cole Mitchell Sprouse; туылды: 4 тамыз 1992,Ареццо, Тоскана, Италия) — америкалық актёр, Дилан Спраустың егіз бауыры. Ол «Достар» сериалындағы Бэн Галлер, Disney Channel арнасындағы «Зак пен Кодидің Балғын Өмірі» және «Зак пен Коди палубада» комедиялық сериалдағы Коди Мартиннің рөлімен белгілі. Сондай-ақ 2017 жылы The CW арнасында көрсетілетін Ривердэйл сериалында Джагхэд Джонс рөлін сомдаған.
Өмірбаяны
Егіздер Дилан мен Коул Италияның Ареццо қаласында дүниеге келді, онда олардың ата-аналары Мәттью Спраус пен Мэлани Райт Тосканада ағылшын тілінен сабақ берём жүрген. Коул егізі Диланнан 15 минут өткен соң дүниеге келді. Коул америкалық джаз әншісі мен пианист Нат Кинг Коулдың құрметіне аталды. Коул туғаннан кейін, 4 айдан соң отбасы туған жеріне Лонг-Бич, Калифорнияға көшті.
Мансабы
Ағайынды Спраус өздерінің мансабын кино мен теледидардан ертерек бастады, дәлірек айтсақ, 8 айдан бастап, әжесі Джонин Бут Райт — актриса және драма мұғалімінің арқасында. Спраустың мансабының көп бөлігі ағасымен өтті, алғашында олар жарнамаларға, телешоулар мен фильмдерге бірге түсетін немесе тіпті бір рөлді бөлісіп ойнайтын. Коул Спраус өзінің мансабының алғашқы кезеңінде ағасымен бөліскен рөлдердің ішінде: «Grace Under Fire» телесериалындағы Патрик Кәллидің рөлі (1993–1998), 1999 жылы «Үлкен Әкетай» фильміндегі Джулианның рөлі және 2002 жылы «The Master of Disguise» комедия фильміндегі кішкентай Фисташио Дисгайзи. Сондай-ақ, 1999 жылы Спраус «Ғарышкердің әйелі» фильмінде Джонни Депп пен Шарлиз Теронмен бірге ойнады. 2001 жылы Кол «Достар» комедиялық сериалында Росс Галлердің баласы Бэн рөлін ойнады. Бұл оның ағасынан бөлек ойнаған алғашқы рөлі. Ағайындылар жасы ұлғайған сайын, олар жеке кейіпкерлер ретінде көбірек рөлдерді ала бастады, бірақ көбінесе сол жобаларда жұмыс істеді. Олардың сол шығармадағы жеке кейіпкерлер ретіндегі алғашқы рөлі «MADtv» скетчтегі балалар болды. Спраус 2005 жылы «Disney Channel» арнасындағы «Зак пен Кодидің Балғын Өмірі» комедиялық сериалында Коди Мартиннің рөлін алады, ал Дилан Зак Мартин. Сериал едәуір даңққа ие болды және бірқатар сериалдар алынды, ал Зак пен Коди басқа да бірнеше теледидарлық жобаларда (мысалы, «Уэйверли Сиқыршылары» және «Ханна Монтана») камео ретінде пайда болды. 2008 жылы сол сериалдың спиноффы «Зак & Коди палубада» және онымен байланысты фильмдегі рөлді сомдап шығады.
Алайда, 2011 жылы олар актерлік мансапқа үзіліс жариялап, Нью-Йорк университетіне түсу туралы. мәлімдеген, онда Спраус археология және басқа гуманитарлық пәндерге баса назар аударды Университетті аяқтағаннан кейін (2015 жылы) екеуі де киноға оралды, бірақ қазір әрқайсысы жеке-жеке.
9 ақпанда, 2016 жылы Спраус The CW арнасында көрсетілетін «Арчи Комикс» кейіпкерлеріне негізделген «Ривердэйл» жасөспірім драмалық сериалда Джагхэд Джонс рөлін сомдады. Сериалдың тұсаукесері 2017 жылғы 26 қаңтарда өтті.
Спраус 2019 жылғы наурызда шығарылған «Бір метр қашықтықта» романтикалық драмада ойнады және фильм прокатта өзін жақсы көрсетті, Ол онда өзі ауыратын муковисцидоз ауруымен ауыратын қызға ғашық болады (қыздың рөлін Хэйли Лю Ричардсн сомдайды). Бұл оның бірінші, «Үлкен Әкетай» фильмінен кейін 20 жыл өткен соң, ірі театр фильміндегі екінші басты рөлі болды.
Жеке өмірі
Спраус Instagram желісінде екі аккаунты бар, негізгіден басқа, екіншісі бар, онда ол кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардың оны түсіріп жатқанда суретке түсіреді екен. Elle сұхбатында ол өз жанкүйерлерін мазасыздықпен жеңгенін түсіндірді. Бұл туралы алаңдаушылық кеткеннен кейін, ол екінші аккаунтты жаңартуды тоқтатты.
Спраус фотосуретке қызығушылық танытады. 2011 жылы ол фотограф ретінде жеке сайтын іске қосып, Нью-Йорк университетінде сабақтарға қатыса бастады. Ол көптеген сәнді басылымдарға, оның ішінде Teen Vogue, L'Uomo Vogue, The Sunday Times Style және W журналына модель болып қана қоймай, фотограф болып атсалысты.
2017 жылдан бастап, ол Ривердэйл сериалындағы әріптесі Лили Райнхартпен көрісіп жүрді. Жұлдызды жұп 2020 жылға дейін бірге болды.
Марапаттары мен номинациялары
| Марапаттары мен номинациялары | |||||
|---|---|---|---|---|---|
| Марапаты | Жыл | Дәрежесі | Еңбегі | Нәтижесі | Дер. |
| YoungStar Awards | 1999 | Үздік комедиялық фильмдегі жас актер | Үлкен Әкетай | Номинация | |
| MTV Movie & TV Awards | 2000 | Үздік экрандық дуэт | Номинация | ||
| Blockbuster Entertainment Awards | Үздік актер екінші жоспардағы — комедия | Номинация | |||
| Жас Әртіс | Толық метражды фильмдегі үздік қойылым — актер он жас аралығында не кіші | Номинация | |||
| 2006 | Үздік жас телесериал актері — комедия н/е драма | Зак пен Кодидің Балғын Өмірі | Номинация | ||
| Kids' Choice Awards | 2007 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | ||
| Жас Әртіс | Үздік телевизиялық қойылым комедия н/е драма | Номинация | |||
| Kids' Choice Awards | 2008 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | ||
| 2009 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | |||
| 2010 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | |||
| 2011 | Үздік телевизиялық актер | Номинация | |||
| Shorty Awards | 2017 | Үздік актёр | — | Номинация | |
| Teen Choice Awards | Үздік актёр драмалық сериалда | Ривердэйл | Жеңді | ||
| Үздік экрандық жұп (Лили Райнхартпен бірге) | Жеңді | ||||
| Сатурн | 2018 | Үздік жас телесериал актері н/е актрисасы | Номинация | ||
| Teen Choice Awards | Үздік драмалық сериал актері | Жеңді | |||
| Таңдаулы сүйіс (Лили Райнхартпен бірге) | Жеңді | ||||
| Ең тартымды жігіт | — | Жеңді | |||
| Үздік экрандық жұп (Лили Райнхартпен бірге) | Ривердэйл | Жеңді | |||
| Сатурн | 2019 | Үздік жас телесериал актері н/е актрисасы | Номинация | ||
| Teen Choice Awards | Үздік актер драмалық фильмде | Бір метр қашықтықта | Номинация | ||
| Үздік актер драмалық сериалда | Ривердэйл | Жеңді | |||
| Үздік экрандық жұп (Лили Райнхартпен бірге) | Жеңді | ||||
Сілтемелер
| Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Коул Спраус |
- Коул Спраус IMDb-де
- Коул Спраус Instagram-да
- Коул Спраус Twitter-де
- 4 тамызда туғандар
- 1992 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Ареццода туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- XX ғасыр актерлері
- XXI ғасыр актерлері
- АҚШ кинематограф актерлері
- АҚШ телевизия актерлері
