Күлбадан Абайқызы (1862-1932) - Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған қызы.
Оны Абай жас кезінде Семейге орыс мектебінде оқытқан. Күлбадан Дүтбай Уандықұлының інісі Дүйсекеге тұрмысқа шыққан. Дүйсеке өлген соң Күлбаданды әмеңгерлік жолмен Дүтбай алған. Күлбадан Дүйсекеден - Хамза, Дүтбайдан - Мүкен, Мұхтар, Мұштар, Мәкен, Қадиша деген балалары тараған.
Күлбадан туралы мәліметтер Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық музейі қорында сақталып келеді.
Санаттар:
- 1862 жылы туғандар
- 1932 жылы қайтыс болғандар
- Абай Құнанбайұлы