Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Күлше қыз-Назымбек жыры – ғашықтық жыр. Алғашқы нұсқаларының бірі 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында жарияланған. Шығарманың оқиғасы Қырымда және Орманбет н

Күлше қыз-Назымбек

  • Басты бет
  • Күлше қыз-Назымбек

Күлше қыз-Назымбек жыры – ғашықтық жыр. Алғашқы нұсқаларының бірі 1935 жылы «Әдебиет майданы» журналында жарияланған. Шығарманың оқиғасы Қырымда және Орманбет ноғайлары арасында өткен делінеді. Жыр мазмұнында қырық сан Қырым жұртында Жаныс атты асқан бай болғандығы айтылады. Мал бағатын жер-су үшін болған бір қақтығыста адам өлімі болып, Жаныс он сан ноғай еліне көшіп келеді. Осы елдің ханы Асылбекпен қанаттас қонады. Қатар отырғандарында Жаныс пен Асылбектің әйелдері жүкті болады. Жаныстың әйелі қыз туып, атын – Күлше, Асылбектің әйелі ұл табады да, атын – Назымбек қояды. Екеуі құда болады. Көп ұзамай Асылбек қайтыс болып, Жаныс Қырым жұртына қайта көшіп кетеді. Жыр осы екі жастың адал махаббаты жолында бастан кешкен қиындықтарын арқау еткен. Қазақстан ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар қорында «Күлше қыз-Назымбек» жырының бірнеше нұсқасы сақталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Маусым 22, 2026

    Әбілпейіз хан

  • Шілде 27, 2026

    Физикалық карталар

  • Маусым 06, 2026

    Көдек Байшығанұлы

  • Маусым 18, 2026

    Қазақ философиясы

  • Сәуір 25, 2026

    Феликс Мендельсон

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары