Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Күшлік хан (қыт. 屈出律; ? - 1218, Бадахшан) — Найман хандығының ханы, Батыс Ляо әулетінің соңғы императоры болған. Наймандарды Шыңғыс хан жеңіп, Күшлік батысқа —

Күшлік хан

  • Басты бет
  • Күшлік хан

Күшлік хан (қыт. 屈出律; ? - 1218, Бадахшан) — Найман хандығының ханы, Батыс Ляо әулетінің соңғы императоры болған. Наймандарды Шыңғыс хан жеңіп, Күшлік батысқа — Қарақытайларға қашып барады. Сол жерде ол болашақ қайын атасы Елюй Жилугуге кеңесші болады. Кейінірек ол оған қарсы көтеріліп, билікті тартып алып, империяны өз қолына алады. Осы арқылы Елүй әулетінің билігін аяқтап, өз үстемдігін орнатады. Алайда 1218 жылы моңғолдар тарапынан өлтіріліп, Қарақытай мемлекетінің аумағы Моңғол империясына қосылды.

Күшлік хан
Лауазымы
Найман хандығының ханы
1204 — 1215
Ізашары Таян хан
Бұйрық хан
Ізбасары Хандықты Шыңғысхан жаулап алды
Батыс Ляо империясының императоры
1211 — 1218
Ізашары Елүй Жилугу
Ізбасары Мемлекетті Шыңғысхан жаулап алды
Өмірбаяны
Діні несториандық
Қайтыс болуы 1218 (1218)
Бадахшан
Династия Күшіғұт (Найман)
Әкесі Тайбұқа (Таян хан)
Жұбайы Хунху ханшайым
Балалары Лингун хатұн
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Күшліктің алдындағы билеуші Елүй Жилугу — Елүй әулетінен шыққан қарақытайлардың соңғы императоры болса, Күшлік кейде Батыс Ляо мемлекетінің соңғы билеушісі ретінде қарастырылады. Өйткені ол таққа отырғанда “Ұлы Ляо” деген әулеттік атақты сақтап қалған болатын.

Мазмұны

Найман хандығы және батысқа қашуы

Күшлік — найман тайпасының көсемі, Тайбұға (немесе Таян хан) атты билеушінің ұлы болатын. 1204 жылы Темүжіннің (кейін Шыңғыс хан атанған) басты моңғол қарсыласы Жамұқа наймандарға қашып барып паналады. Темүжін олардың артынан еріп, наймандарға шабуыл жасайды. Бұл қақтығыс «он үш қанат шайқасы» деген атпен белгілі. Алғашында Тайбұға шегініп, Алтай тауларына барып, сол жерден моңғолдарға соққы беруді жөн көреді. Алайда Күшлік ашық далада тікелей шайқасуды ұсынды. Ол тіпті әкесінің жоспарын қорқақтық деп айыптады. Ақырында Тайбұға көнуге мәжбүр болып, Күшлікке шабуыл жасауға рұқсат береді.

Алайда бұл шайқас наймандар үшін апат болды. Жамұқа оларды тастап қашып кетті. Тайбұға ауыр жараланып, көп ұзамай қаза тапты, ал оның басты қолбасшысы шайқаста өлтірілді. Найман тайпасының қалған бөлігі Темүжінге бағынуға мәжбүр болып, оның әскері құрамына қосылды. Күшлік болса аман қалып, аздаған найман сарбаздарымен бірге батысқа, Қара Ертіс жаққа қарай қашып кетті.

Осыдан кейін Шыңғыс хан Күшлікті әлі де қауіп көзі ретінде қабылдады. 1208 жылы олар тағы да шайқасқа түсті, бұл жолы Күшлік одан әрі батысқа, Жетісуға қарай ығыстырылды. Моңғолдардан екінші рет жеңілгеннен кейін, Күшлік Баласағұнды астана еткен Қарақытай мемлекетіне барып, солардан пана сұрады.

 
Қарақытайлар империясының орналасуы. Наймандар шығыс-солтүстікте орналасқан.

Батыс Ляо жерінде

Күшлікті Батыс Ляо әулетінің императоры Елүй Жилугу жылы қабылдады. Ол империя аумағына енгеннен кейін, тез арада өз ықпалын күшейтіп, берік орын алды. Күшлік Елүй Жилугуге кеңесші ретінде қызмет ете бастады және уақыт өте келе оның қыздарының бірі — Хунху ханшайымға (渾忽公主) үйленді. Кейінірек ол «хан» атағын алып, өзіне бағынышты найман сарбаздарын жеке әскери бөлім ретінде қайта құрып, басшылық етуге мүмкіндік алды.

Тақты тартып алуы

Осы кезеңде Қарақытай (Батыс Ляо) әулеті шығыстағы көтерілістермен күресіп, батыста Хорезм шахы Мұхаммед II-мен жауласқан еді. 1207 жылы Хорезм шахы Бұхараны басып алғанымен, Самарқанда қарақытай әскерінен жеңілді. Алайда, Күшлік Хорезм шахымен астыртын одақ құрған тәрізді. 1210 жылы Елюй Жилугу Самарқанда Қарахан әулетінің көтерілісін басумен айналысып жатқанда, Күшлік осы сәтті пайдаланып, қайын атасына қарсы бүлік шығарады. Ол Үзген қаласындағы қарақытайдың мемлекеттік қазынасын басып алады. Елюй Жилугу Күшлікке қарсы шығу үшін Самарқанды тастап кетеді, ал бұл уақытта Хорезм шахы Мұхаммед жағдайды пайдаланып Самарқанды басып алып, Талас маңында Қара Қытай әскерін талқандап, Мәуереннахрды өзіне қаратты.

Елюй Жилугу Баласағұндағы астанасына шегініп барып, Күшлікті жеңіп, оны найман иеліктеріне қарай ығыстырады. Алайда 1211 жылы аң аулау кезінде Елюй Жилугу Күшліктің тұзағына түсіп, тұтқындалып қалады. Осыдан кейін Хорезм шахы Күшлікпен бірігіп, Қарақытайды толықтай өз бақылауына алады. Елюй Жилугу "тайшанхуан" (тақты бұрын ұстаған, ардагер император) атағына ие болып, биліктен шеттетілді, ал Күшлік мемлекеттің жаңа билеушісі — император атанды. Көптеген тарихшылар 1211 жылы Күшліктің таққа отыруын Қара Қытай мемлекетінің шынайы аяқталуы деп санайды, дегенмен мемлекет ресми түрде "Ұлы Ляо" атауын сақтап, 1218 жылға дейін өмір сүрді.

 
Хорезм империясы

Мұхаммед II-мен қақтығыстары

Күшлік билікті толық қолына алғаннан кейін, Мұхаммед Хорезмшах одан Қарақытайдың бұрынғы гүрханы (Елүй Жилугуды) өзіне тапсыруды және бұрын көрсеткен қолдауы үшін қызын қалыңдыққа беруді талап етті. Күшлік бұл талаптарды орындауды кейінге шегеріп, түрлі сылтаулармен созбалақтады. Алайда Мұхаммед барған сайын қатаң әрекетке көшті. Күшлік бұл дауды тікелей шайқас арқылы шешемін деп сес көрсеткен кезде, Мұхаммед соғысудан бас тартып, Жоғарғы Сырдария өңірінен өз әскерін шығарып әкетті. Ол бұл аймақтағы елді мекендерді қиратып, өзінің империясы мен Күшліктің арасында буферлік аймақ (қорғаныс белдеуі) қалыптастыруға тырысты. Осылайша, Сырдария өзені екі билеушінің арасындағы нақты (де-факто) шекараға айналды.

Діни саясаты

Күшлік найман тайпасынан шыққан, ал наймандар негізінен несториан христиандар болған. Оның әйелі — Қарақытай гүрханының қызы — буддист еді және ол Күшлікті буддизмді қабылдауға көндірген. Алайда Қарақытайдың алдыңғы билеушілері ұстанған діни төзімділік (толеранттылық) саясатына қарама-қайшы түрде, Күшлік билікке келген соң, мұсылмандарға қарсы саясат жүргізе бастағаны айтылады. Парсы тарихшысы Ата-Мәлік Жуайнидің мәліметіне сүйенсек, Күшлік кейбір қалалардағы мұсылман халқына: «Несториандықты немесе буддизмді қабылдаңдар, болмаса Қидан киімін киіңдер», — деген шарт қойған. Көпшілік қидан киімін киюді таңдаған. Сондай-ақ, ол Хотан қаласының имамын оның медресесінің есігіне керіп, айқыштап шегелеп өлтіргені туралы да деректер бар.

Жеңілуі мен өлімі

Күшлік Алмалық қаласына шабуыл жасаған кезде, ондағы қарлұқтар Шыңғыс ханнан көмек сұрады. 1216 жылы Шыңғыс хан Жебе ноян атты даңқты қолбасшысын Күшліктің соңынан аттандырды. Жебе әуелі Алмалыққа барып, одан кейін Қарақытай астанасы Баласағұнға бет алады. Осы маңда болған шайқаста ол 30 мың адамнан тұратын Қара Қытай әскерін талқандады. Күшлік оңтүстікке, Қашғарға қашты. Алайда ол бұл қаланы алғаш басып алған кезде тұрғындардың егіндерін өртеп, тонау жасаған және мұсылмандарға қарсы саясат жүргізіп, әскерін жергілікті үйлерге күшпен орналастырған еді. Сол себепті қашғарлықтар оған өшіккен болатын. Моңғолдар Қашқарға жақындағанда, Күшлік бұл қаладан да қолдау таба алмады және қайтадан қашуға мәжбүр болды. Ата-Мәлік Жуайнидің жазуы бойынша, қашғарлықтар Күшліктің артта қалған сарбаздарын өлтіріп тастаған. Күшлік Памир тауларын асып, Бадахшан мен Вахан шекарасына дейін жетеді (1218 ж.). Осы жерде оны аңшылар тобы ұстап алып, моңғолдарға тапсырады. Күшліктің басы шабылды, ал қытай дерегі «Юань ши» (元史) бойынша, оның басы бұрынғы билік жүргізген аймақтарда жұртқа үлгі ретінде көрсетілген. Күшліктің қызы Лиңгун хатун кейіннен Шыңғыс ханның ұлы Төлеге әйел болады және одан Құтұқту атты ұл туады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 26, 2026

    Сүгір Әліұлы

  • Сәуір 05, 2026

    Марқакөл (ауыл)

  • Наурыз 12, 2026

    Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов

  • Сәуір 06, 2026

    Панама мойнағы

  • Сәуір 21, 2026

    Үлкен Тобылжан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары