

Күш моменті — күштің әсер ету сызығынан күш әрекеті қарастырылатын өске дейінгі ара кашықтығымен күштің көбейтіндісіне тең шама.
Күш моменті векторы - ось бағытымен қарағанда күштің денені сағат тіліне қарсы бағытта айналдырғандай көрінетін күш пен моменттік нүктеден өтетін жазықтыққа перпендикуляр болып бағытталады. Күш моментінің формуласы : M=F×d.
M=күш моменті ; F=күш;d=күш иіні. Өлшем бірлігі : Н*м
Күш иіні-айналу осінен , яғни тіреу нүктесінен күш түсетін нүктеге дейінгі арақашықтық. Ол d әріпімен, кейбір кезде l - мен де белгіленуі мүмкін.
Күштен ұтыс формуласы : F1/F2=l2/l1 (M1=M2, яғни рычаг тепе-теңдікте болғанда осы формула қолданылады)
- Транспорт
- Күш
- Теориялық механика