Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер,

Кәукен Кенжетаев

  • Басты бет
  • Кәукен Кенжетаев

Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев (шын есімі Әбдірахым; 25 сәуір 1916, Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 15 наурыз 2008, Алматы) — кеңестік және қазақстандық актер, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі (1959). «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының және Халықаралық Айматов сыйлығының иегері.

Кәукен Кенжетайұлы Кенжетаев
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

25 сәуір 1916 (1916-04-25)

Туған жері

Ресей империясы, Павлодар уезі, Баянауыл ауданы

Қайтыс болған күні

15 наурыз 2008 (2008-03-15) (91 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы, Қазақстан

Азаматтығы

 Ресей империясы
 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Мамандығы

актёр, опера әншісі, театр режиссері педагог - профессор

Белсенді жылдары

1940 - 1995 жылдары

Марапаттары
Қазан төңкерісі ордені Еңбек Қызыл Туы ордені Еңбек Қызыл Туы ордені Отан соғысы 2ші дәреже
Германияны жеңгені үшін медалі КСРО Еңбек ардагері медалі Ленин 100 жыл Ұлы отан соғысына 65 жыл медалі

Мазмұны

Өмірбаяны

Арғын тайпасның Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан.

  • 1936 – 41 жылы Мәскеу консерваториясының жанындағы қазақ студиясында оқыды.
  • 1950 жылы Алматы консерваториясын бітірген.
  • 1942 – 46 жылы Хабаровскідегі шекарашылар ансамблінде қызмет етті.
  • 1946 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі.

Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан (1958).

Ойнаған рольдері

 
К.Кенжетаев Қыз Жібек операсындағы Бекежан рөлінде
  • Тарғын, Жалбыр, Бекежан, Семен (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Дударайында”)
  • Жанбота (М. Төлебаевтың “Біржан-Сарасында”)
  • Эскамильо (Ж. Бизенің “Карменінде”)
  • Князь Игорь (А.П. Бородиннің “Князь Игорінде”)
  • Руслан (М.И. Глинканың “Руслан мен Людмиласында”)
  • Демон (А.Г. Рубинштейннің “Демонында”)
  • Алеко (С.В. Рахманиновтың “Алекосында”)
  • Амонасро (Дж.Вердидің “Аидасында”) партиялары – К-тың әншілік, орындаушылық талантын әр қырынан ашқан образдар болды.

Кинодағы рольдері

 
К.Кенжетаев Амангелді операсындағы Амангелді рөлінде

Кенжетаев 1957 жылдан кинофильмдерге түсіп

  • әнші-артист ретінде:
    • “Біздің сүйікті дәрігер”
    • Бауыржан Момышұлы (“Ел басына күн туса”)
    • Нұртаза (“Ән қанатындада”)
    • Танабай (“Тұлпардың ізінде”)
    • Жапас (“Таудағы шынарда”)
    • қарт (“Қызыл тас заставасында”)
    • Базарбай (“Қыз Жібекте”)
    • Қазанғап (“Боранды бекетте”), т.б. рөлдерімен көрермендер ықыласына бөленді.
  • режиссер ретінде:
    • “Жерге қайта оралу”
    • Брусиловскийдің “Ер Тарғын”, “Жалбыр”, “Қыз Жібек”, “Амангелді”
    • С. Мұхамеджановтың “Айсұлу”
    • Е. Рахмадиевтің “Алпамыс”
    • П.И. Чайковскийдің “Қарғаның мәткесі”, т.б. операларды қойды.

Фильмографиясы

  • 1938 - Еділ-Еділ - эпизод
  • 1957 - Біздің сүйікті дәрігер - әнші-артист
  • 1964 - Тұлпардың ізі - әке
  • 1966 - Ән қанатында - Нұртаза
  • 1967 - Ел басына күн туса - соғыс ардагері
  • 1968 - Балалық шаққа саяхат - Ұзақбай
  • 1969 - Мәншүк туралы дастан - әке
  • 1969 - Қызыл тас заставасында - қарт
  • 1969-1970 - Қыз Жібек - Базарбай
  • 1970 - Ақ шаршы алаң - Сұлтан Серғалиұлы
  • 1974 - Бұлақ - эпизод
  • 1975 - Дала гүрсілі - эпизод
  • 1975 - Гауһартас - әке
  • 1977 - Кездеспей кеткен бір бейне - эпизод
  • 1977 - Бүркіттің соңғы жылы - Хоортай
  • 1995 - Боранды бекті - Қазанғап

Шығармалары

Либреттолары:

  • “Алпамыс”
  • “Алдар Көсенің айласы”
  • “Қалқаман – Мамыр”
  • “Сапар”
  • “Баян жүрек”
  • “Құсни – Хорлан”
  • “Кемпір мен шал”, т.б. опералар либреттоларының авторы

Аудармалары

  • “Сильва”
  • “Тыныш шаңырақ”
  • “Фигароның үйленуі” операларының либреттоларын қазақ тіліне аударған.

Шығармалары

  • “Дархан дарын”
  • “Мәжит Бегалин”
  • “Высокий дар призвания” (орыс тілінде) атты кітаптары жарық көрген.

Педагогтық жұмысы

1979 жылдан Ұлттық өнер академиясында дәріс береді. Кенжетаев концерттік-орындаушылық өнерімен де халыққа жақсы танымал. Репертуарында қазақтың халық әндерімен қатар, орыс, украин, татар, өзбек халықтарының халық әндері, сондай-ақ, Батыс Еуропа композиторларының шығармалары (ариялар, романстар, әндер) бар.

Гастрольдік сапармен Польша, Моңғолия, Румыния, Түркия, Грекия, Египет, Сирия, Ливан, т.б. елдерде болды.

Мемлекеттік марапаттары

  • «Қазақ КСР Еңбегі сіңген артисі» құрметті атағымен және 1959 жылы «Қазақ КСР Халық артисі» құрметті атақтарымен марапатталған.
  • 1959 жылы Еңбек Қызыл Ту Ордені
  • 1986 жылы Қазақ төңкерісі Ордені
  • Еңбек Қызыл Ту орденімен екеінші мәрте марапатталған.
  • «Отан соғысы» ІІ дәрежелі Ордені
  • КСРОның бірнеше медалдарымен марапатталған.
  • 1985 жылы профессор (құрметті ғылыми атағы берілген);
  • 1996 жылы тәуелсіз Қазақстан Республикасының жоғарғы марапаты «Парасат ордені» мен марапатталған.
  • Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының лауреаты
  • Айматов атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты
  • ҚР Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Өзен жүйесі

  • Сәуір 07, 2026

    Тұғырыл хан

  • Сәуір 22, 2026

    Лұқман сүресі

  • Наурыз 11, 2026

    Ұлы жүз

  • Сәуір 08, 2026

    Бесқарағай ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары