Көксу – Алтай тау жүйелерінің батысындағы таулы жота.
| Көксу жотасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | Орта девон |
| Ұзындығы | 70 км |
| Биіктігі | 2599 м |
| Орналасуы | |
| Елдер |
|
Географиялық орны
Ресей Федерациясы құрамындағы Алтай Республикасы мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Үбі және Ертіс өзендерінің суайрығы саналады.
Жер бедері
Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 70 км-ге созылып жатыр. Абсолюттiк биіктігі 2599 м.
Геологиялық құрылымы
Орта девон кезеңінің эффузивті жыныстарынан, саздақты тақтатас, граниттен түзілген.
Өсімдігі
Беткейлерінде самырсын, шырша, майқарағай, өзен аңғарларында көк терек, қайың, ал 2200 – 2500 м биіктікте альпілік шалғын өседі.