Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көктерек ауданы — Қазақ КСР-і Жамбыл облысында 1939-1963 жылдары болған әкімшілік бірлік. Орталығы – Бірлік ауылы.

Көктерек ауданы

  • Басты бет
  • Көктерек ауданы

Көктерек ауданы — Қазақ КСР-і Жамбыл облысында 1939-1963 жылдары болған әкімшілік бірлік. Орталығы – Бірлік ауылы.

Аудан
Көктерек ауданы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақ КСР

Кіреді

Жамбыл облысы

Енеді

6 а/к, 3 кент (1959)

Әкімшілік орталығы

Бірлік

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1939-1963

Тұрғындары
Тұрғыны

22 247 адам (1959)

Тарихы

Көктерек ауданы 1939 жылы 14 қазанда құрылды. Құрамына Шу ауданынан берілген Қызылтал, Қызыларна, Қараөзек, Көкірек, Куйбышев, Сарқырама және Фурманов ауылдық кеңестері енді.

1943 жылы Қызыларна ауылдық кеңесі Жамбыл ауылдық кеңесі болып өзгертілді. Коминтерн және Қоқи ауылдық кеңестері құрылды.

1951 жылғы мәліметтер бойынша аудан құрамына 9 ауылдық кеңес кірді: Жамбыл, Қараөзек, Қызылтал, Қоқи, Көкірек, Коминтерн, Куйбышев, Сарқырама және Фурманов.

1951 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының Мыңарал елді мекені Көктерек ауданына өтті. Мыңарал, Хантау елді мекендеріне жұмысшы кенті мәртебесі берілді.

1954 жылы Шығанақ елді мекеніне жұмысшы кенті мәртебесі берілді. Көкірек ауылдық кеңесі Коминтерн ауылдық кеңесіне қосылды. Қоқи ауылдық кеңесі Кеңес ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1959 жылғы аудан құрамында 6 ауылдық кеңес (Жамбыл, Қызылтал, Коминтерн, Куйбышев, Сарқырама, Фурманов) пен 3 кент (Мыңарал, Хантау, Шығанақ) болды.

1963 жылы 2 қаңтарда Көктерек ауданы таратылды. Жамбыл, Қызылтал, Коминтерн, Құмөзек, Сарқырама, Ұланбел, Фурманов ауылдық кеңестері Шу ауданына берілсе, Мыңарал, Хантау, Шығанақ кенттері Шу қаласының қарамағына өтті.

Халқы

1959 жылғы халық санағы бойынша ауданда 22 247 адам тұрған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Солтүстік бұғазы

  • Наурыз 22, 2026

    Көл

  • Наурыз 13, 2026

    Қорқыт ата

  • Сәуір 04, 2026

    Кеңес Одағы

  • Сәуір 06, 2026

    Дінмұхамед Сұлтанғазин

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары