Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айрыла бастаған, сөйлемде зат есімдердің жетегінде қолданылып, олардың кеңістікке, уақытқа қатысын білдіретін есім сөздер.

Көмекші есім

  • Басты бет
  • Көмекші есім

Көмекші есім – лексикалық мағынасынан айрыла бастаған, сөйлемде зат есімдердің жетегінде қолданылып, олардың кеңістікке, уақытқа қатысын білдіретін есім сөздер. Мысалы: түбі, шеті, жаны, маңы, төңірегі сөздері затқа жақын қашықтықты білдірсе, алды, арты, беті, бойы – заттың тараптарына қатысын; арасы, ортасы – заттың ара қатынасындағы кеңістікті, орынды, ал іші – заттың өз шеңберіндегі мекенді, басы – заттың басталар шегін, жағы – бағыттық мағына береді. Кейбір көмекші есімдер мезгілдік мағына беретін сөздермен тіркесіп, оның мезгілін айқындап, нақтылап тұрады: жаз ортасы, түн іші, таң алды, т.б. Көмекші есім тәуелдік жалғаудың үшінші жағында тұрып, изафеттік байланыста қолданылады: ауылдың жаны, үйдің жаны, мектеп іші. Бірқатар көмекші есімдер изафеттен тыс тіркесте жұмсалып, толық мағыналы сөз ретінде қолданылып, жеке сөйлем мүшесі бола алады. Олар: төңірек, айнала, маң, жақ. Мысалы:Төңірек мүлгіген орман. Кейбір Көмекші есімдер лексикаланып, идиомаланып кеткен: ат үсті, аяқ асты, көз алдында, т.б. Көмекші есімдер зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі бола алады. Мысалы: Дина ауылы теңіз бойына көшті (С.Бақбергенов). Әдеб.: Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар, А., 1992; Қазақ тілі, А., 1996; Айтбаев Ө., Қазақ сөзі (қазақ терминологиясының негіздері), А., 1997.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 28, 2026

    Қазақстан астанасы

  • Наурыз 21, 2026

    Агрегаттық күй

  • Сәуір 06, 2026

    Би (тұлға)

  • Сәуір 05, 2026

    Кібісе жылы

  • Сәуір 05, 2026

    Вашингтон (штат)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары