Көтібар Бәсенұлы (немесе Бәсендеұлы) (1757[дереккөзі?] – 1823 (1833), Жайық) — Әлімұлы тайпасы Шекті руынан шыққан халық батыры. Бәсен батырдың бес баласының біреуі.
| Көтібар Бәсенұлы | |
| Бәсендеұлы Көтібар | |
| Туған кездегі есімі | Көтібар Бәсенұлы |
|---|---|
| Туған күні | белгісіз |
| Қайтыс болған күні | 1823 (1833) |
| Қайтыс болған жері | Жайық маныңда |
| Ұлты | Қазақ |
| Осы үшін белгілі | Батыр, әйгілі Есет батыр әкесі |
| Балалары | 7, соның ішінде Есет |
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен. Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібар батырдың жеті баласы болған, үлкені – атақты Есет Көтібарұлы батыр тарихи тұлға. Көтібар Бәсендеұлы – “Айман-Шолпан” дастанында, М. Әуезовтің осы дастан желісімен жазылған пьесасының кейіпкері. 1823 жылы (немесе 1833) Ресей патшалығына қарсы қарулы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыру кезінде Ресей патшасының жалдамалы бас кесерлерінен қаза табады. Халық өз қаржыларына 2000 жылы Көтібар батырға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында жаңадан кесене тұрғызады.
Тағы қараңыз
- Көтібар Бәсенұлы кесенесі