Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қазақ жылқысы биелерін орлов, орыс желісті және таза қанды салт мініс дон жылқысы айғырларымен шағылыстырып, олардың буданын «өзара» сұрыптау арқылы Батыс Қазақ

Көшім жылқысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Көшім жылқысы

Көшім жылқысы – ет-сүт бағытындағы, мініп-жегуге арналған жылқы тұқымы.

Пайда болуы

Қазақ жылқысы биелерін орлов, орыс желісті және таза қанды салт мініс дон жылқысы айғырларымен шағылыстырып, олардың буданын «өзара» сұрыптау арқылы Батыс Қазақстанның жылқы зауыттарында шығарылған. Жеке тұқым ретінде 1976 жылы қабылданған.

Сипаттамасы

Көшім жылқысы қазақ жылқысынан едәуір ірі, бітімі шымыр, басы ірі, мойны тым ұзын емес, шоқтығы биік, әдемі, кеудесі кең, қабырғасы шеңберленіп біткен, жаялы, белді, кейде қайқы бел келетіндері де бар, сүйегі берік, жұмысқа төзімді, тебіндетіп бағуға жақсы бейімделген.

  • Орташа өлшемдері (см):
    • тұрқы 160,9;
    • айғырының шоқтығына дейінгі биіктігі 158,2;
    • кеуде орамы 192,2;
    • жіліншік орамы 21,9;
    • биесінің өлшемі осыған сәйкес: 157,2; 154,1; 186,5; 20,6;
    • Айғырының орташа салмағы 540 кг,
    • ал биесінің орташа салмағы 492 кг.

Түсі қоңыр, торы, жирен және күрең. Биелері сүтті болады. Әр жүз биеден 70 – 80 құлын алынады. Биелердің сүт өнімд. 1800 – 2200 л. Құнандары орта есеппен 188,4 кг, дөнендері 214,7 кг ет тартады. Сойыс шығымы 52,4 – 54%.

Көшім жылқысының асыл тұқымды таңдаулы үйірлері Батыс Қазақстан облысының «Көшім» ЖШС-нде және Серғазиев атындағы шаруа қожалығында, Ақтөбе облысының «Мұғалжар-99» ЖШС-нде және Пацаев атындағы акционерлік қоғамында өсіріледі.

Жоғары