Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ламин Ямаль Насрауи Эбана (ис. Lamine Yamal Nasraoui Ebana; 13 шілде 2007(20070713), Эсплугес-де-Льобрегат, Барселона, Испания) — испаниялық футболшы, Испания Ұ

Ламин Ямаль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ламин Ямаль Футбол
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Ламин Ямаль Насрауи Эбана

Туған күні

13 шілде 2007 (2007-07-13)(19 жас)

Туған жері

Эсплугес-де-Льобрегат, Барселона, Испания

Азаматтығы

 Испания

Бойы

180 см

Салмағы

73

Позиция

шабуылшы және вингер

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Барселона

Номері

19

Жастар клубы
2014—2023 Испания Барселона
Клуб карьерасы
2023 Испания Барселона B 1 (0)
2023— Испания Барселона 73 (14)
Ұлттық құрамы
2022 Испания Испания (15) 6 (3)
2021 Испания Испания (16) 4 (1)
2022—2023 Испания Испания (17) 10 (8)
2022— Испания Испания (19) 1 (0)
2023— Испания Испания 19 (4)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналадысоңғы рет жаңартылды: 27.03.2025.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар санысоңғы рет жаңартылды: 27.03.2025.

Ламин Ямаль Насрауи Эбана (ис. Lamine Yamal Nasraoui Ebana; 13 шілде 2007(20070713), Эсплугес-де-Льобрегат, Барселона, Испания) — испаниялық футболшы, Испания Ұлттық футбол құрамасы мен «Барселона» клубының жартылай қорғаушысы. Өз ұрпағының келешегі зор футболшыларының бірі ретінде танылған.

Ламин Ямал 2007 жылы 13 шілдеде Каталонияның Эсплугес-де-Льобрегатта қаласында Экваторлық Гвинеядан шыққан даяшы Шейла Эбан мен Марокколық құрылыс сырлаушысы Мунир Насруидің отбасында дүниеге келді.

Мансабы

Клубтық мансабы

2023 жылдың сәуірінде Ламин алғаш рет Ла Лигадағы Атлетико клубына қарсы ойында клуб тізіміне енді, бірақ сол матчта алаңға шықпады. Ла Лигадағы алғашқы ойнын 2023 жылдың 29 сәуірінде «Реал Бетис» клубына қарсы өткізді. Сол ойынның 83-минутында Гавиді ауыстырған Ламин Ла Лига тарихындағы ең жас бесінші ойыншы болып қана қоймай, сонымен бірге жүз жылдан астам бұрын 1922 жылы 15 жасар Армандо Сагиден бері Барселонаның негізгі командасында ойнаған ең жас (15 жас, 9 ай және 16 күн) ойыншы атанды. 2023 жылдың 20 тамыз күні «Кадис»ке қарсы Испания чемпионатында алғаш рет Барселонаның негізгі құрамына қосылып, XXI ғасырдағы Ла Лигада ойынды алғашқы минуттардан бастаған ең жас (16 жас және 38 күн) ойыншысы атанды.

2023 жылдың 2 қазанында Ламин Ямал Барселонамен келісімшартты 2026 жылдың 30 маусымына дейін ұзартты.

Ұлттық құрамадағы мансап

Ламин 15, 16, 17 және 19 жасқа дейінгі Испания құрамаларында ойнады.

2023 жылдың 8 қыркүйегінде Ламин Ямал 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің А тобындағы матчында 16 жыл және 57 күн жасында Грузия құрамасына қарсы Испания құрамасының негізгі құрама сапында алғашқы ойын өткізіп, өз командасының тарихындағы ең жас футболшы атанды.

2024 жылдың жазында Ламин Ямал Еуро-2024 матчтарына қатысу үшін Испания құрамасына шақырылды. 2024 жылдың 15 маусымда В тобындағы Хорватия құрамасына қарсы ойында ол 16 жыл және 338 күн жасында негізгі құрамда шығып, Еуропа чемпионаттары тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Статистикасы

Клубтық мансабы

2024 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша

Клуб Маусым Лига Кубоктар Еурокубоктар Басқа Барлығы
ОйынГол ОйынГол ОйынГол ОйынГол ОйынГол
Барселона B 2022/23 30 00 00 00 30
Барлығы 3000000030
Барселона 2022/23 10 00 00 00 10
2023/24 375 11 100 21 507
Барлығы 3851110021517
Жалпы мансабында 4151110021547

Ұлттық құрама үшін ойындар мен голдар

2024 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша

Ламин Ямалдың ұлттық құрама сапындағы ойындары мен соққан голдардың тізімі
№КүніҚарсыласЕсепГолдарЖарыс
1 8 қыркүйек 2023  Грузия 7:1 1 Еуро 2024 (іріктеу)
2 12 қыркүйек 2023  Кипр 6:0 — Еуро 2024 (іріктеу)
3 16 қараша 2023  Кипр 3:1 1 Еуро 2024 (іріктеу)
4 19 қараша 2023  Грузия 3:1 — Еуро 2024 (іріктеу)
5 21 наурыз 2024  Колумбия 0:1 — Жолдастық кездесу
6 26 наурыз 2024  Бразилия 3:3 — Жолдастық кездесу
7 8 маусым 2024  Солтүстік Ирландия 5:1 — Жолдастық кездесу
8 15 маусым 2024  Хорватия 3:0 — Еуро 2024
9 20 маусым 2024  Италия 1:0 — Еуро 2024
10 24 маусым 2024  Албания 1:0 — Еуро 2024
11 30 маусым 2024  Грузия 4:1 — Еуро 2024 1/8 финал
12 5 шілде 2024  Германия 1:1 (овертайм 2:1) — Еуро 2024 1/4 финал
13 9 шілде 2024  Франция 2:1 1 Еуро 2024 1/2 финал

Барлығы: 13 матч / 3 гол; 11 жеңіс, 1 тең ойын, 1 жеңіліс.

Жетістіктері

Командалық

«Барселона»

  • Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25
  • Испания кубогы: 2024/25
  • Испания суперкубогы: 2023, 2025

«Испания»

  • Еуропа чемпионатының жеңімпазы: 2024

Жеке

  • 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының үздік cұрмергені: 2023
  • Ла Лигадағы маусымның үздік жас ойыншысы: 2023/24
  • «Globe Soccer Awards» нұсқасы бойынша жылдың үздік жас ойыншысы: 2024
  • Ла Лигадағы айдың үздік голының авторы: Наурыз 2024
  • Ла Лигадағы айдың үздік жас ойыншысы: Тамыз 2023

Рекордтар

  • Испания құрамасының тарихындағы ең жас гол авторы: 16 жас және 57 күн
  • Испания құрамасының тарихындағы ең жас дебютант: 16 жас және 57 күн
  • Испания құрамасының бастапқы құрамының ең жас ойыншысы: 16 жас және 62 күн
  • Испания чемпионаты тарихындағы ең жас гол авторы: 16 жас және 87 күн
  • Эль-Классикода ойнаған ең жас ойыншы: 16 жас және 107 күн
  • Еуропа чемпионаты тарихындағы ең жас ойыншы: 16 жас және 338 күн
  • Еуропа чемпионаттары тарихындағы ең жас гол авторы: 16 жас және 362 күн
Жоғары