Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің

Лексикалық мағына

  • Басты бет
  • Лексикалық мағына

Лексикалық мағына — зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны.

Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады. Лексикалық мағына сөздің басқа мағыналарының тууына негіз болады, сол себепті сөз мағыналарын саралағанда ең алдымен оның лексикалық мағынасына көңіл аударылады. Семантикалық тұрғыда лексикалық мағына екі аспектіде қарастырылады: сигнификативті және денотатты.


Лексикалық мағына туралы ғылыми көзқарастар әртүрлі. Кейбір зерттеушілер лексикалық мағына тек атауыштық сөздерге тән, ол көмекші сөздерде, одағайларда, есімдіктерде лексикалық мағына жоқ деп есептейді. Алайда, кейінгі зерттеулер тілдегі барлық сөздердің де белгілі дәрежеде лексикалық мағынасы болатынын қолдайды. Мысалы, есімдіктер толық мағыналы атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, олардың мағынасын меңзеп білдіреді. Көмекші сөздердің лексикалық мағынасы дербес сөздерге тіркескенде байқалады.

Лексикалық мағынаның бірнеше типі бар:

  1. Шындық болмысқа қатысты атауыш (тура) мағына, ауыс мағына;
  2. Сөздердің шығу тегіне байланысты түпкі мағына, туынды мағына;
  3. Сөздердің тіркесімділігіне байланысты еркін мағына, шартты мағына, фразеологиялық байлаулы мағына;
  4. Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты бейтарап мағына, бейнелі мағына, терминдік мағына, поэтикалық мағына.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Герберт Спенсер

  • Сәуір 04, 2026

    Олдувэй мәдениеті

  • Наурыз 29, 2026

    Наурызым қорығы

  • Сәуір 04, 2026

    Астана алаңы

  • Сәуір 03, 2026

    Сүр ет

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары