Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Майкөтов Әділбек (1870, Атбасар уезі, Сарышөп ауылы – 1919, Атбасар қаласы)– Казақстандағы революциялық қозғалыстарға белсенді қатысушы. Атбасардағы 2 сыныптық

Майкөтов Әділбек

  • Басты бет
  • Майкөтов Әділбек

Майкөтов Әділбек

Майкөтов Әділбек (1870, Атбасар уезі, Сарышөп ауылы – 1919, Атбасар қаласы)– Казақстандағы революциялық қозғалыстарға белсенді қатысушы. Атбасардағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебін (1887), Омбыдағы фельдш. мектепті (1981) бітірді. Омбыда оқып жүрген кезінде саяси жер аударылған – революция жасауға ұмтылған көтерілісшіл жастармен танысқан. Мектепті бітіргеннен кейін Майкөтов Атбасар уезінің Теріссаққан және Теңіз болыстарында фельдшер болып жұмыс істеді. 1905 – 07 жылдары төңкеріске қатысып, қазақ еңбекшілердің наразылық бас көтерулерін ұйымдастырған. 1916 жылы ұлт-азаттық көтерліске қатысып, Ақпан буржуазия-демократиялық төңкерісінен кейін 1917 жылы кедейлердің арасында үгіт-насихат жүргізді. 1918 жылы Майкөтов пен С.Н. Царевтің басшылығымен Атбасарда Кеңес үкіметі орнады. Осы жылы Кеңестердің уездік съезінде (17 – 20 ақпан) Майкөтов Жұмысшы, солдат, шаруа және мұсылман депутаттардың уездік кеңесінің мүшесі, 1919 жылы Атбасар уездік кеңесі төрағасының орынбасары болып сайланды. Колчак тылында партизан қозғалысын ұйымдастырып, Атбасар уезіндегі көтеріліс басшыларының бірі (1918 – 19) болды. 1919 жылы маусымда Колчак армиясы әскерлерінің қолынан қаза тапқан. Атбасарда Майкөтов атында көше бар және ескерткіш орнатылған. Астана қаласындағы педагогикалық училищеге, облыстың бір шаруашылығына есімі берілген.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 20, 2026

    Бербер тілі

  • Сәуір 02, 2026

    Электрондық конфигурация

  • Сәуір 10, 2026

    Үлкен Алматы көлі

  • Наурыз 11, 2026

    Оғыз мемлекеті

  • Сәуір 23, 2026

    Әл-Анкәбут сүресі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары