Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бұл мазһабтың негізін қалаушы - Малик бин Әнәс. Малик һижраның 93 ж. (милади 712 ж.) Мединеде туылып, һижраның 178 ж. (милади 795 ж.) сол жерде қайтыс болады. М

Малики мазһабы

  • Басты бет
  • Малики мазһабы

Бұл мазһабтың негізін қалаушы - Малик бин Әнәс. Малик һижраның 93 ж. (милади 712 ж.) Мединеде туылып, һижраның 178 ж. (милади 795 ж.) сол жерде қайтыс болады. Малик атақты табиун ғалымдардан хадистер мен фикһ ілімін үйреніп, кейіннен өзі де пәтуа бере бастаған.

Имам Малик үкім шығаруда өзге мужтахид имамдар сияқты настарға және сахабалардың пікірлеріне көп мән береді. Малик қияс және истихсанмен қатар «маслахат-ы мүрселе» және «селди зерия» қағидаларына да құқықтық мәселеде маңызды орын берген.

Маслахат жалпы мағынада мүлде және пайда дегенді білдіреді. Ал маслахаты мүрселе - нақты үкімі шығарылмаған және кияс жолымен шешімін табу мүмкіндігі болмаған мәселенің жалпы қағидалар мен мақсаттарға сай шешілуі деген сөз.

Селди зерия - харамға апаратын жолды жабу деген мағынаны береді. Имам Малик назарға ала отырып, жоғары бағалаған оқиғаларының бірі - Мадина халқының діни үкімдерді орындауы. Оның пікірінше, мединеліктердің іс-әрекеті мутауатыр сүннетке бағаланады. Малики мазһабы алдымен Хижаз өлкесінде, кейіннен имам Маликтің Есед бин Фурат, ибн Уәхб және ибн Қасым сияқты шәкірттері арқылы Солтүстік Африка мен Андалусиада (Испанияның оңтүстік бөлігі) тараған, тіпті Андалусия-Умея мемлекетінің ресми мазһабы болған. Қазір бұл мазһаб Мысыр, Тунис, Алжир, Марокко және Суданда кеңінен қолданылуда.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Ислам

  • Сәуір 08, 2026

    Қырғыз Алатауы

  • Сәуір 28, 2026

    Аш-Шарх сүресі

  • Сәуір 22, 2026

    I Николай

  • Сәуір 08, 2026

    Бөрілітөбе (ауыл)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары