| Марко Матерацци | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Лақап аттары | Матрица | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған күні | 19 тамыз 1973 (53 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Лечче, Италия | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 193 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | қорғаушы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | карьерасын аяқтады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Марко Матерацци (итал. Marco Materazzi; 19 тамыз 1973 жыл, Лечче, Италия) — италиялық футболшы, қорғаушы. Италия ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 2010 жылғы әлем чемпионы.
Футболшы жайлы фактілер
- Италиялық белгілі бапкер Джузеппе Матеррацидің ұлы.
- 2006 жылғы әлем чемпионатында Матерацци қайта-қайта көпшіліктің назарында болды. Финалда Франция және Италия құрамалары кездесіп, 19-минутта Матерацци есепті теңестірді — 1:1. 110-минутта Италияның айып алаңына жақын тұста франциялық Зинедин Зидан мұны баспен ұрып құлатады да, алаңнан қуылады. Кейін Матерацци өз кітабын шығарып, онда "Мен сол кезде Зиданға не айттым?" деген сұраққа жауаптың жүзден аса нұсқасын жазады. "Көпшілік мені Зиданның намысына тиетін сөздер айтты деп айыптайды, ал шын мәнінде олай емес. Мен ондай жағдайды ешкімді де кемсітпес едім" деп жазады кітабында. Бәрібір сол кезде Зиданға не айтқаны жұмбақ күйі қалады.
- 2011 жылы жарақатына байланысты футболшылық карьерасын аяқтады. Бапкерліктен бағын сынап, Үндістанның "Ченнайин" клубын үш жылдай баптады. 2014/15 жылғы маусымда Үндістан суперлигасының жеңімпазы атанды.
Жетістіктері
Командалық
«Интер»
- Италия чемпионы (5): 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2009/10
- Италия кубогы (4): 2004/05, 2005/06, 2009/10, 2010/11
- Италия суперкубогы (4): 2005, 2006, 2008, 2010
- Чемпиондар Лигасы: 2009/10
- Клубтар арасындағы әлем чемпионы (1): 2010
Италия құрамасы
- Әлем чемпионы: 2006
Жеке
- Италия чемпионатындағы жыл қорғаушысы: 2007
Бапкер ретінде
- Үндістан суперлигасының жеңімпазы: 2014/15
Сілтемелер
- Ресми сайт (итал.)
- Профилі 25 мамырдың 2011 жылы. (ағыл.)
Санаттар:
- 19 тамызда туғандар
- 1973 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Италия футболшылары
- Перуджа ФК ойыншылары
- Эвертон ФК ойыншылары
- Интернационале ФК ойыншылары
- Лацио ФК ойыншылары
- Футболдан әлем чемпиондары
- Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары