Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Оскар» (2007)«Алтын глобус» (2003, 2007, 2010, 2012)«BAFTA» (1991, 2012)«Алтын пальма бұтағы» (1976)«Эмми» (2011)

Мартин Скорсезе

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мартин Скорсезе
ағылш. Martin Charles Scorsese
Сурет
Скорсезе 2024 жылғы Берлиналеде
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Мартин Чарльз Скорсезе

Туған күні

17 қараша 1942 (1942-11-17)(83 жас)

Туған жері

Нью-Йорк, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ
 Италия

Мамандығы

режиссёр
кинопродюсер
сценарийші
актёр

Білімі

Нью-Йорк университеті

Белсенді жылдары

1962 — қазіргі уақыт

Бағыты

Жаңа Голливуд

Жұбайы
  • Ларейн Мари Бреннан
    (үйл. 1965; аж. 1971)
  • Джулия Кэмерон
    (үйл. 1976; аж. 1977)
  • Изабелла Росселлини
    (үйл. 1979; аж. 1982)
  • Барбара Де Фина
    (үйл. 1985; аж. 1991)
  • Хелен Шермерхорн Моррис
    (үйл. 1999)
Марапаттары

«Оскар» (2007)
«Алтын глобус» (2003, 2007, 2010, 2012)
«BAFTA» (1991, 2012)
«Алтын пальма бұтағы» (1976)
«Эмми» (2011)

IMDb

ID 0000217

Қолтаңбасы

Ортаққордағы Мартин Скорсезе

Мартин Чарльз Скорсезе (ағылш. Martin Charles Scorsese; 17 қараша 1942 жыл, Нью-Йорк) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші, актёр және кинопродюсер. «Жаңа Голливуд» дәуірінің ірі тұлғаларының бірі, ол кино тарихындағы ең ұлы және ең ықпалды режиссерлердің бірі болып саналады. Скорсезе көптеген марапаттардың иегері, соның ішінде «Оскар», төрт BAFTA сыйлығы, үш «Эмми», «Грэмми» және үш «Алтын глобус» жүлдесі бар. Оның бес фильмі Конгресс кітапханасы тарапынан «мәдени, тарихи немесе эстетикалық тұрғыдан маңызды» деп танылып, АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі енгізілген.

Скорсезе 1968 жылы Нью-Йорк университетінің Стайнхардт атындағы мектебінде өнертану магистрі дәрежесін иеленді. Оның «Менің есігімді кім қағып тұр?» (1967) атты дебюттік фильмі Чикаго кинофестивалінің бағдарламасына енді. 1970-80 жылдары режиссер туындыларының тақырыптық арнасы оның итальян-америкалық тегі мен Нью-Йорктегі өскен ортасына қарай ойысты. Оның осы кезеңдегі фильмдері өзін «мықты» көрсетуге тырысатын ерлер бейнесіне шоғырланып, қылмыс, мачизм мен нигилизм мәселелерін, сондай-ақ католиктік күнә мен өтеу ұғымдарын терең зерделейді.

Баяулатылған түсірілім мен фриз-кадрларды жиі қолдану, кадр сыртындағы баяндау, зорлық-зомбылықты ашық бейнелеу және балағат сөздердің еркін қолданылуы сияқты Скорсезеге тән өзіндік мәнері алғаш рет «Зұлым көшелер» (1973) фильмінде айқын көрініс тапты.

Режиссердің ең елеулі туындыларының қатарына «Зұлым көшелер», «Такси жүргізушісі», «Құтырған бұқа», «Жақсы жігіттер», «Қорқыныш мүйісі», «Казино», «Нью-Йорк бандалары», «Жолдан тайғандар», «Қарғыс атқандар аралы», «Уолл-стрит қасқыры» және «Гүлді айын өлтіргендер» фильмдері жатады.

Жоғары