Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Марқакөл ауданы — Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы – Марқакөл ауылы.

Марқакөл ауданы

  • Басты бет
  • Марқакөл ауданы

Марқакөл ауданы — Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы – Марқакөл ауылы.

Қазақстан ауданы
Марқакөл ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Шығыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Марқакөл

Ауылдық округтер саны

5

Ауыл саны

23

Әкімі

Рүстембек Кемешев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Марқакөл ауылы, Крахмаль көшесі, №67

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1 қаңтар 2024 жыл

Жер аумағы

11 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

▼7814 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

16

Марқакөл ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Марқакөл ауданы

Облыс картасындағы Марқакөл ауданы

Мазмұны

Тарихы

Марқакөл ауданы Семей округінің құрамында 1928 жылы 17 қаңтарда Семей облысы Зайсан уезінің Дарственный және Пограничный болыстарының бөліктерінен құрылды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК бекітілген). Оның құрамына жеті селолық кеңес (Боран, Черняев, Горный, Өспен, Шүмек, Алексеев, Архипов) және үш ауылдық кеңес (Шығыр, Қалжыр, Терісай) кірді.

БОАК 1930 жылғы 23 шілдедегі жарлығымен Қазақ АКСР-інде округтік бөлініс жойылып, іріленділген аудандарға негізделген аудандық бөлініс енгізілді. Осыған байланысты Марқакөл ауданы таратылып, оның аумағы 1930 жылы 17 желтоқсаннан бастап тікелей республикалық бағыныста болған Зайсан және Катонқарағай аудандарының құрамына енді.

1939 жылы 16 қазандағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Зайсан және Катонқарағай аудандарының шағындалуына байланысты Марқакөл ауданы 1932 жылдың 20 ақпанынан бастап болған Шығыс Қазақстан облысының құрамында қайта құрылып, құрамында он ауылдық кеңестерді біріктірді: Алексеев, Архипов, Горный, Қалжыр, Өспен, Шығыр, Бобров, Бұғымүйіз, Орлов, Пролетар.

1954 жылғы 13 тамыздағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен ауылдық кеңестердің бір бөлігі: Өспен және Алексеев - Алексеев, Бұғымүйіз бен Орлов — Орлов, Қалжыр мен Шығыр — Шығыр ауылдық кеңестеріне біріктірілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылғы 26 қыркүйектегі жарлығымен ауылдық кеңестер: Бобров, Орлов және Пролетар - Бобров, Боран және Шығыр - Боран, Горнов және Архипов - Горнов ауылдық кеңестеріне біріктірілді.

1963 жылы 2 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Марқакөл ауданы екінші рет таратылды, аумағы Күршім ауылдық ауданы құрамына кірді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы жарлығымен ауылдық және өнеркәсіптік аудандарға бөліну тоқтатылды. Күршім ауданынан жаңадан құрылған Марқакөл ауданына: Алексеев, Бобров, Боран, Горнов ауылдық кеңестері берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1967 жылғы 12 шілдедегі № 353 шешімімен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 29 мамырдағы қаулысына сәйкес Черняев ауылдық кеңесі құрылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 жылғы 28 маусымдағы жарлығымен Қарой ауылдық кеңесі құрылды.

1986 жылы аудан құрамына 6 ауылдық кеңес кірген: Алексеев, Бобров, Боран, Горный, Қараой, Черняев.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы жарлығымен Марқакөл ауданы үшінші рет таратылып, аумағы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының құрамына енді.

2023 жылғы 28 желтоқсандағы ҚР Президентінің №424 Жарлығымен 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Марқакөл ауданы төртінші рет құрылып, Күршім ауданының құрамынан бөлініп шықты.

Географиялық орны

Аудан батысында Күршім, солтүстігінде Катонқарағай, оңтүстігінде Зайсан аудандарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Халқы

1959 1970 1979 1989 2009 2021
 17532 ▲21720 ▲22222 ▲22458 ▼12477 ▼7814

Әкімшілік бөлінісі

23 елді мекен 5 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақбұлақ ауылдық округі 738 ▼243 32,9 372 ▼140 37,6 366 ▼103 28,1
Боран ауылдық округі 2901 ▼1697 58,5 1465 ▼909 62 1436 ▼788 54,9
Қалжыр ауылдық округі 2543 ▼1514 59,5 1272 ▼771 60,6 1271 ▼743 58,5
Марқакөл ауылдық округі 5124 ▼3531 68,9 2561 ▼1804 70,4 2563 ▼1727 67,4
Төсқайың ауылдық округі 1171 ▼829 70,8 604 ▼459 76 567 ▼370 65,3
ЖАЛПЫ САНЫ 12477 ▼7814 62,6 6274 ▼4083 65 6203 ▼3731 60,1
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Соқпалы-шулы аспаптар

  • Наурыз 18, 2026

    Зар Заман ақындары

  • Наурыз 12, 2026

    Ілияс Есенберлин

  • Сәуір 04, 2026

    Еврей күнтізбесі

  • Наурыз 29, 2026

    Қаратпа сөз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары