Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Объект (ағылш. object) –

Математикалық объект

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Объект (ағылш. object) –

  1. адамзат санасына тәуелсіз өмір сүретін кез келген кұбылыс; субъектінің танымдық және өзге де қызметі бағытталған. Әмбебап объектісі табиғат, қоғам мен адам болып табылады. Адам таным мен өздігінен тану объектісі ретінде - ғылымның (ең алдымен психологияның) ең киын тарауы, өйткені зерттеу объектісі регінде субъектінің өзі болады.
  2. информатиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол информатиканың әр саласына байланысты әр түрлі ұғымды білдіреді:
2.1. Ақпарат көзі бола алатын кез келген түсінік (зат, құбылыс, абстракция). Объекті анықтау үшін оның аты және басқаларынан ажыратып алуға болатын өзіндік қасиеттері болуы тиіс;
2.2. Объект реляц. мәліметтер базасында сақталатын нақты процесс, құбылыс, зат жайлы мәліметтік элемент. Оған кесте, сұраныс, форма, басылым түсініктері кіреді;
2.3. Операция жүйелердегі (Wіndows, DOS) объектер – бума (папка), файл, бағдарлама, құжат, жарлық, т.б.;
2.4. Компьютер бағдарламаларындағы объект – өңделуге тиіс мәлімет элементі. Оған айнымалылар, сандар, жиымдар (массивтер) кіреді.
2.5. Математикалық объект — кез келген математикалық теорияда, мәселелерде, есептерде немесе пайымдауларда қарастырылатын жиын, кеңістік, дене, пішін, нүкте, түзу, т.б.

Сілтемелер

  • Информатика
  • Компьютер
Жоғары